Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында Жайық өзеніндегі тасқынның екінші толқыны ерекше бақылауда – ҚР ТЖМ
Фото: uralskweek.kz
Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарындағы Жайық өзеніндегі тасқынның екінші толқыны ерекше бақылауда, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) өкілі Асқар Шәріп Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
«Өңірлерде су тасқынына қарсы азаматтарға хабарлау, су тасқыны салдарын жою іс-шаралары жалғасуда. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы Жайық өзенінде Ресей Федерациясынан келетін тасқынның екінші толқыны ерекше бақылауда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, тұрғындарды хабардар ету және телерадио хабарламасы әр төрт сағат сайын жүргізіледі», - деді Асқар Шәріп.
Спикер атап өткендей, Батыс Қазақстан облысында тәулігіне 81523 қап пен 2770 тонна инертті материал төселіп, бөгеттерді көтеру және нығайту жұмыстары жалғасуда. Атырау облысында 824 мың қап пен 2,7 мың тонна инертті материал төселіп, 4424 шақырым бөгет орнатылып, оларды нығайту жұмыстары жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық