Батыс елдері көшбасшылары Путинге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Ашық дереккөзден
Батыс көшбасшылары Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғыс ашуынан кейін оның психикалық тұрақтылығына күмән келтірді.
Guardian газетінің ұсынған мәліметі бойынша, Украинаға басып керіген Путиннің «шынайы өмір туралы сезіміне» қатысты сұрақтар туындаған.
Олардың пайымдауынша, 69 жастағы Ресей президенті жақында коронавирусқа қарсы сақтық шараларынан кейін тұйықталып кеткен. Ол заманауи әлемнен бет бұрып, тарихты қазбалап, ұлы болуға ұмтыла бастағандай.
Басылым Путинмен бұрыннан таныс Франция президенті Эммануэль Макронның сөздерінен үзінді жариялады.
Макронның айтуынша, ол 2017 жылы жазда Путинді Версаль сарайында күтіп алған. Ал 2018 жылы оны Жерорта теңізі жағалауындағы өзінің саяжай резиденциясына алып барған. Сол кезде Ресей президенті тікұшақпен келіп, Макрондарға гүл сыйлап, жылы лебіз білдірген.
Алайда, Макрон Мәскеуде өткен келіссөздерден кейін Путин өзгеріп кеткенін айтқан. Оның айтуынша, 2019 жылы Елисей сарайында болған Путин мүлде басқа болған.
«Бұл адам, жұмсақ тілмен айтқанда, шынайылық сезімін жоғалтып барады» Еуропарламент мүшесі Бернар Гетта әскери шабуыл басталған кезде France Inter радиосына осылай деді. Ал журналистің «ол есінен алжасқан ба?» деген саулына ол «иә» деп жауап берген.
Геттаның айтқан сөздеріне Путинмен ұзақ жылдар бойы жақсы қарым-қатынаста болған Чехия президенті Милош Земан да қосылды.
«Ресейді бақылаушылардың барлығы оның қатігез қолбасшылық мінез көрсетіп жатқанын айтуда» деді тағы бір дипломат.
АҚШ-тың қолындағы мәлімет бойынша, Ресей Федерациясында 5 977 ядролық оқ бар. Ол бұл көрсеткішімен тіпті АҚШ-тың алдын орап кеткен.
Ресей президенті осы деректі жиі тілге тиек етіп, Донбастағы әскери операция кезінде де еске салды.
Сарапшылар газетке жоғарыда аталған қаруды басқалардың әрекетін қате түсініп қалуы мүмкін адамдардың қолдарында екенін айтып, оған алаңдаушылық білдірген.
Айта кетсек, ядролық қаруға тек бір адам қолжеткізе алмайды, ол тек қорғаныс министрі мен қарулы күштер штабы басшысының бұйрығымен жүзеге асады.
Guardian газеті Путинді біреу тоқта ала ма, жоқ па жауап бере алмайтынымен түйіндеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық