Батыс елдерінің іс-әрекеттері адамгершілікке жатпайды – Талибандар
Фото: Rahmat Gul / AP
Талибандардың өкілі (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Забихулла Муджахид Батыс елдерін Ауғанстаннан білікті ауған мамандарын эвакуациялады деп айыптады.
Бұл туралы Orda.kz The Week-ке сілтеме жасап хабарлады.
Муджахид Талибандар бұрынғы аудармашылар мен АҚШ әскерінде жұмыс істегендерді іздестіріп жатыр деп мәлімдеді. Муджахид Ауғанстанда олардың қауіпсіздігі қорғалады деп сендірді. Ол сондай-ақ, Батыс елдерінен көңілі қалғанын айтты. Себебі олар елден азаматтарды эвакуациялаған. Бұл туралы Талибандардың өкілі The New York Times басылымына берген сұхбатында айтты.
– Олар біздің елдің істеріне араласпауы керек және біздің адами ресурстарымызды: дәрігерлерді, профессорларды және бізге қажет басқа да адамдарды алып кетпеуі керек. Америкада олар ыдыс жуғыш немесе аспазшы бола алады. Бұл адамгершілікке жатпайды, - деді Муджахид.
Ол сондай-ақ елден кетуге тырысқан ауғандықтардың жарамды жол жүру құжаттары бар екенін, ешкімнің әуежайға кіруіне кедергі жасамайтынына сендірді.
– Біз тиісті құжаттары жоқ адамдарға жол жүруге тыйым салынғанын айттық. Оларға баратын елдердің төлқұжаттары мен виза қажет, содан кейін олар елден ұшып кете алады. Егер олардың құжаттары жарамды болса, онда біз оларға бұрын не істегендерін сұрап, тиіспейміз, - деді ол.
Әйел құқығы
Мужахид Талибан әйелдерді қайтадан үйде отырғызып, оларды беттерін жабуға мәжбүрлейді деген түсінік негізсіз дейді. Ол махрам деп аталатын қорғаншы ер адаммен жүру талабы дұрыс түсінілмегенін айтты. Оның айтуынша, бұл талап үш күнге және одан да көп уақытқа созылатын сапарларға ғана қатысты.
– Егер олар мектепке, кеңсеге, университетке немесе ауруханаға барса, оларға махрам қажет емес, - деп түсіндірді ол.
Мужахид талибтер халықаралық қоғамдастықпен жақсы қарым-қатынас орнатады деп үміттенетінін білдіріп, терроризммен күресу, апиынды жою және Батыс елдеріне босқындар санын азайту бойынша ынтымақтастық бағыттарын көрсете білді.
Сондай-ақ, Муджахид Талибандарды барынша жақсы жағынан көрсеткісі келсе де, қоғамдық орындарда музыкаға тыйым салынғанын растады.
Бұған дейін тәліптер ауғандықтар үшін Кабул әуежайына кіруді жауып тастаған.
Еске салсақ, 15 тамызда Талибандар Ауғанстан астанасы Кабулды басып алып, Ислам Әмірлігінің жандануын жариялаған. Сол күні елден Ауғанстан президенті Ашраф Ғани кеткен. Бір аптада Кабулдан 25 мыңға жуық адам эвакуцияланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық