Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты орын алды
1 желтоқсан Орал-Тасқала тас жолындағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандық Төрехан Бержанов оқиға туралы естеліктерімен бөлісті.
Сол күні кешке Төрехан Бержанов көлікпен келе жатқан. Қазір ер адам ауруханада, ал қызы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп жазды «Мой город» басылымы.
Төрехан сол күні жұбайы, анасы және қызы Оралға жұмыстарымен шыққан. Кешкі сағат 7-де үйлеріне қайтқан.
«Мен мүлдем ішпеймін, көлікті сау күйімде басқардым. Жолда тұман болды. Мен апатты жарықты қосып, ақырын жүрдім. Трассаның 46-шы шақырымында жолдың арғы бетінен көлікті көрдім. Ол шамдарын қатты жағып келе жатты. Менің алдыма шыққаннын түсіндім. Арамыз жақындай берді. Осы жерде менде таңдау болды: көлікпен бетпе-бет соқтығысу не қарсы жолаққа бұрылып соқтығысуды болдырмау. Мен солай істедім. Бірақ ол қайта өз жолына түсіп менің көлігімді шетінен соқты. Қатты соққыдан көлігім шұңқырға құлап кетті» деді Төрехан.
Ер адам әйелі алдыңғы, жолаушы орындығында, ал анасы мен қызы артқы орындықта отырғанын түсіндірді. Соқтығысқаннан кейін ол көліктен жүгіріп шыққан. Төрехан жолда өтіп бара жатқан көліктер бірінен кейін бірі тоқтап, өз көмектерін ұсынғанын айтты.
«Мен әйелімді көліктен шығардым. Сосын артқы есікті аштым. Ішінде қызым жылап жатты. Үстіне көрпе жауып, оны қолыма алдым. Еш ойланбастан бейтаныс адамнан оларды ауруханаға апаруын өтіндім. Баламды сол ер адамның жанындағы әйелге ұстаттым. Енді көліктен алыстай бастағанымда жаңағы әйелдің айқайын естідім. Ол: «Мына қыздың аяғына не болған?» деп байбалам салды. Жанына жүрігіп бардым. Көрпені ашқанда, сұмдық көріністі көрдім... Мен күртешемді шешіп, қызымның үстіне жауып, оларды ауруханаға жібердім. Мен оның жұлынып кеткен аяғын іздеу керек дегенді мүлде ойламадым» деп есіне алды жол апатынан зардап шеккен қыздың әкесі.
Артынша ол анасын іздеген. Төреханның анасы артқы орындықта төңкеріліп жатыр екен. Ол бірден оның тамыр соғысын тексерген.
Мас күйінде рөлге отырған
«Қолым дірілдеп тұрды. Тоқтағандар да анама қарай жүгірді, бірақ ол өлді деп ешкім айта алмады. Мен екінші жүргізушіні іздей бастадым. Адам көп болды. Бәрі шетте тұрды. Кімнің рөлде болғанын талқылай бастады. Себебі, Hyundai Accent көлігінің жанына барып, оның ішіндегі адамдардың мас екенін айтты. Кімнің жүргізуші екенін ести сала оны жағасынан алдым. Басында ол мойындамады. Кейін менімен келіскісі келді. Оны полицейлер келгенше жібермедім. Ол көлікте басқа бір адамның болғанын жоққа шығарды. Бірақ онда қауіпсіздік жастықтары ашылған. Келесі келе жатқан көліктің жолаушылары да бізге алғашқы медициналық көмек көрсетпей, өздерін ойлап, басқа көлікке мініп, кетіп қалды» деп қынжылды Төрехан.
«Тағы бір ер адам Hyundai Accent те қарсы жолаққа шыққанын және оның әрең жол апатынан аман қалғанын айтты» деді Төрехан.
Содан кейін ер адамға полиция қызметкерімен бірге көлікте әйелі мен ұлы болғанын айтқан. Ал жазбадан дүкеннің жанындағы тас жолдан шықпас бұрын олардың қасына басқа ер адамның отырғанын көруге болады.
Медициналық сараптама қорытындысы шетелдік көлікті басқарған ер адамның мас болғанын көрсетті. Біраз уақыттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем келген. Дәрігерлер Төреханның анасының өлімін анықтап, әйелдің денесін алмай кеткен. Сағат 01:30 шамасында Төреханның ағасы оны көлігімен мәйітханаға апарып тастаған.
«Қызым ауыр халде еді. Медициналық ұшақ Перемётноеға келді, оны тасымалдау мүмкін болмады. Дәрігерлер оның жұлынып кеткен аяғын сұрай бастады. Полиция қызметкерлері қызымның аяғын ауруханаға бөлек алып келді. Бірақ, өкінішке қарай, аяқ-қолын тігу мүмкін болмады, себебі сүйегі жұлынып кеткен. Ал қазір оның тізесінен жоғары аяғы жоқ. Сондай-ақ, оң қолы сынған. Аман қалсыншы деп түні бойы дұға еттік. Ішімдегіні жеткізетін сөздер таба алмаймын. Таңғы бесте өзім де ауруханаға барып, қаралдым. Мұрнымнан қан тоқтамады. Миым шайқалып қалыпты. Әйеліме қазір ота жасалды, көптеген жері көгерген, омыртқасы шығып кеткен, жамбасы сынған. Ол ауруханада жатыр» деді зардап шегуші.
Төреханның арманы әділдікке жету
Төреханның айтуынша, оның кішкентай қызы анасының ғана сүтін еметін, ауруханада сүт қоспасынан бас тартқан.
«Өте қиын. Қызым үнемі наркозда. Жылап жатты. Мен оны жұбатуға тырыстым. Анамның да бақилық болғанына жеті күндей болып қалды. Үнемі көңілді жүретін. Жақында жұмыстан үстемақы алған. Апат орын алған күні біздің үйге перде алды. Өзіне жаңа күртеше алған. Жұбайымыз екеуміз оған жаңа сөмке сатып алғанбыз. Оны қуантқымыз келген. Анам ауруханада медбике болып жұмыс істеген. Оның өмір сүргісі келген. Қазір мен бір нәрсені ғана қалаймын, кінәлілер жазадан қашып кетпесе деймін» деп өз сөзін қорытындылады Төрехан Бержанов.
Жол-көлік оқиғасының ертеңіне БҚО ІІД бастығының орынбасары Нұрлан Рамазанов көліктердің бірін Теректі ауданына қарасты кенттік полиция бөлімі бастығының орынбасары мас күйінде басқарғанын айтты. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- Алматы облысындағы саяжайда ірі көлемде есірткі дайындағандар сотталды
- Беларусь ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бойынша жаттығуларды бастады
- Иран байытылған уранын АҚШ-қа емес, Ресейге бермекші
- Алматыда жігіттерді көшеден ұстап әкеткен: Әскери комиссариат түсініктеме берді
- ДСМ қазақстандықтарға хантавирус қаупіне қатысты ескерту жасады
- «Орталық Азия – Қытай» форматы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде нақты шешім үлгісі болады
- Негізгі тестілеуден бір апта өтпей жатып 86 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды
- «Әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Заңгер рейдтердің қай жері заңды, қай жері заңсыз екенін түсіндірді
- Қазақтың дауылпаз ақыны Олжас Сүлейменов 90 жасқа келді
- Қатаң жазаға дайынмын: Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмысын мойындады
- Владимир Зеленскийдің ең жақын серігі Андрей Ермак тергеу абақтысынан шықты
- Стамбұл–Измир тас жолында жолаушылар автобусы аударылды: Көптеген жарақат алғандар бар
- Құрбан айттың құрметіне — 27 мамыр демалыс күні
- БАҚ: Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін қызметтік көлікпен қағып өлтірді
- БАӘ аумағына дрондар шабуыл жасады: Олардың бірі атом электр станциясы маңына түскен
- Желіде Павлодардағы ХҚКО-да түсірілді делінген видеоның жай-жапсары белгілі болды
- Атырауда қайын жұртын қырып тастаған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды
- Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды
- Куба дәл Иран сияқты енді АҚШ-қа қарсы әскери әрекеттерге дайындалып жатыр
- АҚШ-та авиашоу кезінде екі әскери жойғыш әуеде соқтығысты