Батыс Қазақстандағы жол апатына кінәлі полицей қамауға алынды
Сот Батыс Қазақстан облысында мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған полиция қызметкерін қамауға алуға санкция берді. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Сот санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды.
Зардап шегуші полицейдің ұсталуына қатысты пікір білдірді.
«Оқиға салдарынан анам қайтыс болды. Жеті айлық қызымның аяғы жұлынып кетті. Біз ауруханада жатырмыз. Жол апатынан әйелім де зардап шекті. Менің отбасым кінәліге ең ауыр жаза тағайындалуын талап етіп отыр» деді Төрехан Бекжанов.
Еске салсақ, 1 желтоқсан күні кешке Орал-Тасқала тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан. «Hyundai Accent» көлігін БҚО Теректі ауданына қарасты кенттік полиция бөлімі бастығының орынбасары жүргізген. Оның жол апаты кезінде мас болғаны анықталған. Полицей дереу қамауға алынды.
Оқиға салдарынан Lada Largus автокөлігінің салонында болған 51 жастағы әйел сол жерде қайтыс болып, жеті айлық қыз ауыр жарақат алған. Оның аяғы жұлынып кеткен. Полицейлер оқиғаны жан-жақты тексеріп, кінәлілерді заң аясында жазалауға уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық