Батыс Қазақстанда шенеунік ер адамды пышақтады деген күдікке ілінді
Фото: Ашық дереккөзден
Ақжайық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы 28 жастағы жігітті пышақтады деген күдікке ілінді.
Мой город басылымының хабарлауынша, оқиға 14 ақпанда болған. Түн ортасында 28 жастағы ер адам Чапаево кентіндегі аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне пышақ жарақатымен жеткізілді.
«Аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті үйқамаққа алынды» деп хабарлады полицейлер.
Күдікті Ақжайық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген Армат Хайруллин болып шықты. Сол күні шенеуніктің үйіне жәбірленушінің өзі келіп, олардың арасында жанжал туындаған. Ер адамдар арасындағы қақтығысқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Облыс әкімдігі 17 ақпанға дейін Армат Хайруллиннің жұмыс орнында болғанын хабарлады.
«17 ақпанда ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Оған қазіргі отбасылық жағдайы себеп болды» деп атап өтті Ақжайық аудандық әкімдігі.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын тұрақты және ауыр деп бағалап отырғанын, оның кеудесі мен ішіне пышақ жарақаты тигенін хабарлады. Ер адамға ота жасалып, қазір облыстық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық