Батыс Қазақстанда шаруалар Тоқаевтың тапсырмасын орындамағанын айтты
Шаруалар Батыс Қазақстан облысының билігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындамағанын мәлімдеді.
«Ел президентінің облысымызда мал азығы дақылдарын өсіру үшін жайылымдық жерлерді суару туралы тапсырмасы орындалмай жатыр. Өткен жылы Жанғала ауданының диқандары 20-30 млн теңге көлемінде өз қаражаттарын салып, жер жыртып, учаскелеріне жарық пен су тарту жұмыстарын жүргізіп, малға азықтық шөптерді егу жұмыстарына әзірленген. Бірақ қаржы болмай, шығынға ұшырап, егін еге алмай қалды» дейді «Шопан ата» республикалық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының өкілі Талғат Байкенов.
2021 жылы билік суару мәселесі облыс әкімінің бақылауында болғандықтан, шешімін табамыз деп уәде бергенімен, уақыт өтіп кетті. Құзырлы орындардан ешбір шара байқалмайды. Қаржы тапшылығынан егіс алқабын дайындамаған диқандар биыл да мал азығын егіп үлгермейді. Дегенмен топырақты дайындап, барлық қажетті құжаттарды жинаған шаруаларға көмектесуге әлі де уақыт бар.
«Жағдай биыл да қайталанып отыр, біз егістіктерді суару үшін жеңілдікті несиелер мен субсидияларды көріп тұрған жоқпыз. Сондықтан облыс әкімімен кездесіп, бізге қалай көмектесуге ниетті екенін сұрағымыз келеді» деді Бәйкенов «Уральская неделя» басылымына.
Шаруалар билік осы үндеуді көріп, өздерімен жүздеседі деген үмітте.
«Себебі, қаражат бөлінгенше бір ай өтеді, техникаға тапсырыс беріліп, жеткізілгенше, тағы екі ай өтеді, өңірлерде малға азықтық дақылдар тағы егілмейді. Шығындардың ауқымы орасан зор болады. Өйткені, іс жүзінде малымыз жем-шөпсіз қалады» деп қосты Бәйкенов.
Қазіргі таңда ауданда мал азығы жоқ болғандықтан, Жанғала ауданының шаруалары малдарын өздеріне тиесілі емес жайылымға айдап кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық