Батыс Қазақстанда мас полицей ұйымдастырған жол апатынан бір адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысындағы Орал-Тасқала тас жолында Теректі аудандық ПБ кенттік полиция бөлімі бастығының орынбасары мас күйінде жол апатына ұшырады.
Қайғылы жағдай туралы полиция департаментінде өткен брифингте хабарланды.
«1 желтоқсан күні сағат 19:15-те Орал-Тасқала автожолының 46-шы шақырымында полиция қызметкерінің қатысуымен екі жеңіл көліктің соқтығысуы орын алды. Бір адам қаза тауып, тағы екі адам дене жарақатын алды.
Hyundai Accent көлігін айдаған полицей Lada Largus-пен қақтығысты.
Анықталғанындай, полиция қызметкері көлікті мас күйінде жүргізген. Марқұмның туыстарына көңіл айтамыз» деді БҚО ПД бастығының орынбасары Нұрлан Рамазанов.
Полиция қызметкері осы себептерге байланысты құқық қорғау органдарынан міндетті түрде босатылатыны хабарланды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицей қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық