Батыс Қазақстанда кәсіпкер шенеуніктің жайбасарлығынан шығынға батты
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкер Беларусь елінен әкелінген асыл тұқымды малды уақтылы тіркеуден өткізіп, жұқпалы аурулардың бар-жоғын тексеруден бас тартқан.
Мой город басылымының хабарлауынша, шенеуніктің әрекетсіздігінен шаруа үлкен шығынға ұшыраған.
Кәсіпкер алғашқы жылы 10 бас ірі қарасынан айырылса, кейін тағы 29 малдан бруцеллез анықталды.
Әдеп жөніндегі кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Бауыржан Бисенғалиға қатысты істі қарады.
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың айтуынша, 2019 жылдың қараша айында кәсіпкер әрі шаруа қожалығының басшысы асыл тұқымды мал сатып алу үшін несие алған. Алынған қаражатқа 2020 жылдың қаңтар айының басында Беларусь елінен 45 бас мал әкелген.
– Бірақ инспекция қызметкерлері көмек көрсетудің орнына құжаттардың дұрыс еместігін айтып, тіркеуден бас тартқан. Малды карантинге алып, малдан сараптама алып, оған вакцина салу керек болған. Малдан ауру табылған жағдайда кәсіпкер оны қайтаруға құқығы бар. Бірақ ештеңе істелмеген. Артынша пандемия басталып, кәсіпкер қажетті құжаттарды уақтылы өткізіп үлгермеген, - деді Ғалым Тұрсынбаев.
Оның айтуынша, кәсіпкердің инспекцияға арыздануынан еш нәтиже шықпаған. Алғашқы жылы 10 бас ірі қара түрлі себептермен арам өлген. Араға бір жарым жыл салып, жануарлардан қажетті сынамалар алынған. Артынша қалған 35 бас ірі қараның 29-ы жұқпалы ауру – бруцеллезбен ауырған. Салдарынан кәсіпкер мал етін өте арзан бағаға сатқан.
Қазіргі таңда кәсіпкердің малы жоқ болса да, ол мемлекетке алған несиесін өтеуге міндеттелген. Несие сомасы мен өсімпұлды қосқанда 5 млн теңгеге өсіп, 115 млн теңгеге жетті.
– Мемлекеттік қызметкерлер халыққа қызмет көрсетуі керек, әсіресе облыс аумағына ірі қара малдың шетелден әкелінгенін біле тұра, жануарларды карантинге жатқызу үшін барлық шараларды қолдануға міндеттелді, - деді Ғалым Тұрсынбаев.
Кеңес Бауыржан Бисенғалиды қызметінен босату туралы ұсыныс жасаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық