Батыс Қазақстанда инспекторға оқ атқан ер адам бостандықта жүр
Суретте Серік Мәженов
БҚО полицейлері аң аулауға тыйым салынған қорық аумағында орман шаруашылығы инспекторының өліміне қатысты тергеуді жалғастыруда.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» және 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«44 жастағы күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 14 желтоқсан күні таңертең БҚО Теректі ауданында орналасқан Бударин қорығында үш ер адам аң аулап жүрген. Полицияның мәліметінше, аңшылардың бірі абайсызда мылтықтан оқ атқан. Оқ БҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовке тиген. Ол артынша ауруханада көз жұмған.
Инспекцияның тікелей басшысы олардың қарамағындағы қызметкердің рейдте жүргенін айтты. Бірақ полицейлер инспектордың заңсыз аңшылықпен айналысқанын алға тартады.
Жаңалықтар
- WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдан бас тартуын қабыл алды
- 32 ауыр жүк көлігі жолда қалды: Артық жүк артқан тасымалдаушылар жазаланды
- Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
- «ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады