Батыс Қазақстанда қаза болған инспектор туралы жаңа мәліметтер пайда болды
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ басшысы Қайрат Қадешев қарамағындағы қызметкерінің өліміне қатысты пікір білдірді.
Уральская неделя басылымының хабарлауынша, марқұм Серік Мәженов 15 жылдан астам аңшылық инспекторы болып жұмыс істеген.
«Серік Мәженов табиғатты қорғау полициясымен бірлесе жұмыс істеу тапсырмасымен Бударин паналауында рейдте болған. Біздің тексеруіміз бойынша рейдте ол жалғыз болған. Одан әрі не болғаны белгісіз. Ақбөкенді қорғау төңірегінде көптеген азғырулар бар – оны ешнәрсе адастырған жоқ. Өзі аңшы емес, мылтығы жоқ. Қызметіне қатысты ешқандай шағым болған емес. Өткен жылы өз қызметін жақсы атқарғаны үшін Елбасының қолы қойылған Алғыс хат алды. Тергеу бәрін көрсетеді» деді Қайрат Қадешев.
Инспектордың өліміне әкелген оқ тегіс ұңғылы МР-153 винтовкасынан атылған. Бұл ретте Серік Мәженовтың қаруды абайсыз ұстау салдарынан қаза тапқаны хабарланды.
Серік Мәженовтың артында екі баласы қалды – қызы мен ұлы, екеуі де студент.
Еске салсақ, бұған дейін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Мәженов пен тағы екі жігіт Теректі ауданы, Ақжайық ауылынан 15 шақырым жерде Бударин қорығында аң аулап жүргені туралы хабарлама таратқан болатын. Қаруды қайта оқтап жатқан кезде ерлердің бірі оқ атқан, оқ екіншісіне тиген. Жаралы азамат Ақжайық ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмған.
«Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық