Батыс Қазақстанда 9 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы Январцево ауылының 34 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің ұсталғанын айтты.
Михаил Крайнов 2021 жылдың 23 қарашасынан бері хабар-ошарсыз кеткен. Оның әпкесі Клавдия Крайнова бір күн бұрын ер адам әйелімен көршілерінің туған күніне барғанын айтты. Әйелі үйге қайтып кеткен, ал Михаил ары қарай тойлатқан.
– Ер адамдардың арасында жанжал шығып, олар сыртқа кеткен. Сол кезде кісі өлімі орын алған. Төрт ер адам Михаилды соққының астына алған. Алдымен оны тұншықтырып өлтіріп, сосын тамағына өткір темір тығып алған. Онда саусақ сиятындай тесік болды. Түрден түр қалмаған. Марқұм мықты жігіт еді, онымен жекпе-жекке шықса ешкім жеңе алмайтын. Артында бірінші некеден бір қызы, екінші некеден ортақ қызы бар, - деді марқұмның әпкесі.
БҚО полиция департаментіне 30 қарашада Январцево ауылы маңындағы Жайық өзенінен із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарланды.
«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Приуральный полиция бөлімінің қызметкерлері кент тұрғынын анықтап, ұстады. Осы қылмысты жасағанын мойындаған адам Январцево уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық