Батыс аймақтағы басқа қалалар жаңаөзендіктерге қолдау білдірді

cover Коллаж: Orda.kz

2 қаңтар күні Батыс Қазақстандағы наразы жұртшылық ереуілге шығып, оның арты Жаңаөзендегі жаппай наразылық шеруіне ұласты. 3 қаңтар таңертеңнен Алматыдағы Республика алаңы жабылды. Orda.kz журналистері оқиға орнынан ақпарат тарату үшін Ақтауға барды. Orda.kz журналисінің хабарлауынша, Ақтауда 2 мыңнан астам адам жиналып тұр, алаң таза. Белсенділер темекі тартқанымен, темекі тұқылын, тамақ қалдықтарын және пластик су бөтелкелерін жерге тастамаған.

Ереуілге шығуға не себеп?

Жаңаөзендегі жүздеген көлік иелерінің наразылық білдіру себебі – 1 қаңтардан бастап литрі 100 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттаған сұйытылған газ бағасын төмендету.

Энергетика министрлігі не дейді?

Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді. Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түнге дейін жалғасты.

Тоқаевтың Жаңаөзендегі жағдайға реакциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түнде Twitter парақшасында мәлімдеме жасап, жағдай бақылауында екенін айтты.

– Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық тұрғыда тез арада зерделеуді тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс, - деп жазды президент Twitter-де сағат түнгі 3:04-те.

Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, азаматтардың өз ойын ашық айтуға құқығы бар екенін жеткізді.

– Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек, – деп жазды Тоқаев Тwitter-де.

3 қаңтар күні Алматыда Республика алаңына баратын жол жабылды. Куәгерлердің айтуынша, интернет жұмыс істемейді. Тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясы Жаңаөзендегі шерушілерді қолдау үшін Алматыда шеруге шықты. Алаң қоршауға алынып, автозактар әкелінді.

Фото: Orda.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде сағат 15:00-де сұйытылған мұнай газының бағасына қатысты жағдайға арналған онлайн брифинг өтуі тиіс еді, бірақ қосымша спикерлердің бекітілуіне байланысты ол кейінге шегерілді.

Фото: Сакен Жүсіпбек

Жаңаөзенге қатысты үкімет қандай шаралар қабылдады?

Жаңаөзендегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Жаңаөзендегі жағдайды реттеу бойынша шаралар қабылдады.

Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарау жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған газдың бағасын реттеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асырады, - делінген Маминнің сайтында.

Осылайша, Үкімет Маңғыстау облысының әкімдігі мен  прокуратурасымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты оқиғаларға құқықтық баға беру шараларын қабылдайтынын айтты.

Шымкент пен Нұр-Сұлтандағы ахуал

3 қаңтарда сұйытылған газдың қымбаттауына наразылық білдірген жаңаөзендіктерді қолдап, түнде Ордабасы алаңына шыққан белсенділердің үйін Шымкент полицейлері қоршауға алды.

Оннан астам белсендінің үйлеріне тосқауыл қойылғаны белгілі болды. Олар әлеуметтік желіге шығып, жағдайын айтып, азаматтарды Жаңаөзендегі наразылық акциясын қолдауға шақырды.

Елордалықтар да ескі газ бағасын қайтаруды талап етіп, жаңаөзендіктерді қолдап, наразылыққа шықты.

– Алдыма келген барлық жігіттер, бес ер адам ұсталды. Газ қымбаттады, жылу қымбаттады. Жаңаөзендіктерді қолдауға келдім. Полиция мен ҰҚК қызметкерлері алаңда тұруыма рұқсат бермей, мені ол жерден қуып жіберді. Ол жерден барлығын қуып жіберді, тіпті бір журналисті арнайы жедел әрекет ету отряды  алып кетті, журналистің таңғышы сенікіндей («Пресса» деген жазуы бар – автор), оны автобусқа алып кетті, – деді келгендердің бірі.

Полицейлердің бірі журналиске арнайы жедел әрекет ету отряды  үшеуін ұстағанын айтты. Әкімдіктің алдындағы алаңда полиция автобусы мен екі автозак бар.

Ақтауға әскери үлгідегі екі ұшақ келіп қонғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі бұл мәліметке байланысты ешқандай ақпарат бермеген.

Жаңаөзендегі наразылық шеруі жан-жақтан қолдау тапты. Маңғыстау облысы Ақтау мен Жаңаөзен қалаларындағы газ бағасының қымбаттауына наразы болғандарға қолдау көрсетуге шыққан белсенді Макс Боқаев қамауға алынды.

Белсендінің Facebook парақшасында жүргізілген тікелей эфирде байқағандай, полиция митингке шыққан адамдардың бірін алып кетпек болған. Бірақ белсенді ұсталған адамды жібермей, өзімен бірге алып қалды. Полициямен сөзге келген Макс Боқаевты да 4-5 полицей көтеріп алып кетті.  Белсенді Маңғыстау облысында үндеу жолдады.

Ақтауда наразылық білдірушілер әуежайдан шығатын жолды жауып, қозғалысты шектеді. Әлеуметтік желілерде полицейлердің жиналған жұртты таратуға тырысқан бейнежазбасы тарады.

Болған оқиғаға өзімді жауапты сезінемін

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сұйытылған мұнай газына қатысты жағдайға қатысты журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, халықпен байланыста жіберілген олқылықтарды мойындады.

видеодан алынған кадр

– Мен Энергетика министрі болып жұмыс істеп, өзім басқарып отырған салаға жауапкершілікті қалай сезінбеймін. Министрлікті 3,5 ай басқарғаныма қарамастан, мен жауапкершілікті түсінемін және сезінемін, – деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырма бергеніне 24 сағаттан асқанымен наразылық білдірушілер әлі тарқамаған.

4 қаңтар:

3:01. Ақтау алаңында Әнұран шырқалды.

3:05. Шерушілер Orda.kz журналистерімен сұхбатында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өз алаңға келіп, сұрақтарға жауап бергенімен, жауаптары ұнамайтынын айтты.

3:13. Шерушілер Orda.kz тілшілеріне берген түсініктемесінде Ералы Тоғжановпен (келіссөздер жүргізу үшін 4 қаңтарда Ақтауға ұшатын комиссия басшысы) келіссөзге дайын екендіктерін айтқанымен, оларға бағаның 50 теңгеге дейін төмендейтіні көрсетілетін хаттама көрсетілгенге дейін алаңда қалатындарын атап өтті.

3:22. Ақтау алаңына жиналған тұрғындардың бір бөлігі Қазақстанда президент төрт жыл сайын ауыстырылып тұруын талап етіп, елдегі ең төменгі жалақы 200 мың теңге болу керектігін айтты.

3:23. Orda.kz журналисі телефон арқылы хабарлағандай (алаң ауданында интернет үзілген) наразылық білдірушілер әйелдер мен қарт адамдарға көрпе алып келді.

3:28. Оралдағы митинг аяқталды деп хабарланды. Шерушілер тарап кетті.

05:04. Orda.kz журналистері Ақтау қаласынан Жаңаөзенге бет алды. Олардың айтуынша, алаңда шамамен 300-400-дей адам жиналып тұр. Алаңнан арнайы жасақтың сарбаздары да байқалады. Жиналғандар әкімшілік алдында қазақ әндерін айтып жатыр. Жанармай бекеттерінде "халық рейдтері" тұр.

Фото: Orda.kz

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар