«Батырларымызды жас ұрпақтың жадында тасқа қашағандай етіп таңбалауымыз керек»- Еділ Жаңбыршин
Фото: Ашық дереккөзден
Депутат Еділ Жаңбыршин Отан үшін шайқасқан батырларымыздың ұмыт болмай, жас ұрпақтың жадында қалуы керегін айтып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Кеше ғана Ұлттық құрылтайда елімізге арналған келелі идеологиялық, адами құндылықтар, азаматтардың құқықтары, әлеуметтік және саяси-экономикалық бағыттағы мәселелер нақты көтерілді. Мемлекет басшысы бәріміз көтеріп жүрген үлкен-кішілі өзекті ойларға тоқталып, олардың іске асыруын нақтылады. Құрылтайда өз тарапымнан нағыз шайқаста қасық қаны қалғанша ерлік көрсеткен майдангерлеріміздің, Президент айтқандай «Адал адам» қағидатына сай тарихи тұрғыдан әділ бағалануы тиіс екенін көтердім. Өйткені, әлемдегі барша ұлттарды жойып, өздерінің нацистік идеологиясын орнатқысы келген фашистерге аталарымыз қасқайып қарсы тұрды. Бірақ бүгін тек бейбіт қоғамда өмір сүріп, оқ-дәрінің иісін сезбеген, Отан үшін күрестегі шайқастармен терең таныспаған ұрпағымыздың кейбір өкілдері тарихи оқиғалар мен тұлғаларымызды жоққа шығарғысы келеді. Бұл – тарихымызға жасалған қиянат, батырлардың рухына деген құрметсіздік.
Ел боламыз десек, әрбір тарихи оқиғаны, сол оқиғалардың бел ортасында жүрген тұлғалардың атын – жас ұрпақтың жадында тасқа қашағандай етіп таңбалауымыз керек. Мысалы, әлемнің Англия, Қытай, Франция, Испания сияқты көптеген елдері өз тарихын тұғырлы тұлғалармен байланыстырады, тіпті олардың есімдерімен арнайы дәуірлерді атайды. Оған қоса, ордендері мен медальдарына рухани көсемдерінің, мемлекетінің айбынды қолбасшыларының есімдерін берген. Бұл ұлттың ұлылығын және саяси мәдениетінің биіктігін білдіреді.
Осы ретте, кешегі Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи әділдікті орнату үшін еліміздегі аты аңызға айналған қаһармандарымыз – Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетовтің есімдерімен аталатын арнайы ордендерді тағайындауды ұсынды. Президенттің бұл ұсынысы – адамзат өркениетінде зардабы жөнінен бұрын-соңды болмаған, миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған, тағдырларын талқан еткен екінші дүниежүзілік соғыстағы 600 мың қазақстандық майдангерлердің рухына деген нағыз құрмет»,- деді Еділ Жаңбыршин.
Өз сөзінде депутат батырларымыз тарихи тұрғыдан әділ бағалануы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ ол отаншылдық, патриоттылықты нығайтуға ықпал ететінін айтты.
«Бірақ батыр бабаларымыздың рухына көрсетілген Құрылтайдағы маңызды бастама ақпараттық тұрғыдан жан-жақты таратылмай, қоғамда лайықты деңгейде насихатталмады. Сондықтан бірінші кезекте, біз Мәжіліс депутаттары осы тың идеяға арнайы тоқталуды жөн көрдік және аталған ұсынысты заңды түрде бекітуіміз қажет. Бұл шешімді тез арада алдағы Отан қорғаушылар күніне дейін қабылдап, алғашқы сарбаздарымызды еліміздің біртуар перзенттері атындағы мәртебелі ордендермен марапаттауымыз керек. Сол себепті, Құрылтайда көтерілген мәселелерді Үкіметке ресми мінберден арнайы жолдап отырмыз», – деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық