«Басында 2 сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркемеңіз»: Ринат Зайытов орысша сөйлеген шенеуніктерге шүйлікті
Фото: rinat_zaitov_resmi
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов шенеуніктерге қазақ тілінде сөйлеу керектігін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше, 17 қыркүйек күні мәжілісте Салық кодексі жобасы мен салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулер таныстырылды.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов құжатты орыс тілінде түсіндірді.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа вице-министрлердің бұл қылығы жақпай қалды.
«Президет Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында «Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді» деді. Бәлкім, бұл Евгений Кочетовқа не болмаса Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Зайытовқа да кешірімді шығар. Бірақ атасының аты Әміре, өзінің аты Азамат, атасының аты Біржан, өзінің аты Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Сосын басында екі сөйлем қазақша айтып, соңында екі сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, біздің мемлекеттік тілімізді қорламауларыңызды сұраймын»,- деді мәжіліс депутаты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық