«Басы дауға қалған полицейлер»: Облыстық сот даулы мәселенің нүктесін қойды
Фото: Бейнеден кадр
Қонаев қаласында сот 2022 жылы түсірілген бейнежазба негізінде жұмыстан босатылған екі полицейдің жұмыстан шығарылуын заңсыз деп таныған болатын. Осы мәселеде облыстық сот Қонаев қалалық сотының шешімін құптамады.
Бұл туралы Алматы облыстық соты мәлімдеді.
Даулы мәселеге түрткі болған ақпан айында блогердің түсірген бейнежазбасында полиция қызметкерлерінің жүргізушілерді «тексеріске» алып барып, тіпті әжетханаға дейін бірге жүріп, алкоголь анализін тапсыру үшін жұмсағаны көрсетілген.
Қызметтік тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Бірақ бұл шешімге қарсы Қонаев қаласының сотына шағым жазылды. Ол кезде іс инспекторлардың пайдасына шешілді. Басқарма оларды жұмысқа қайта қабылдауға және дауды шешкен уақыттағы жалақыны төлеуге міндеттелді.
Қазіргі таңда облыстық сот басқарманың апелляциялық шағымы негізінде Қонаев сотының шешімі біржақты болғанын және құқықтық нормаларды бұзғанын айтып, Қонаев сотының шешімін құптамайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық