Басы дауға қалған көлік министрлігінң шенеунігі «әкімдікке» жіберілді
Фото: gov.kz
Көлік және транспорттық бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі көлік министрінің бұйрығымен қызметінен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жақында Алтай Әли аты-жөнін қоғам қызу талқылады. Әлеуметтік желіде «қарапайым жұмысшы» Ербол Құлымбет Жамбыл облысында транспорттық бақылау бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалғаны жарияланды. Жазбада оның мансап жолындағы жылдам өсуі комитет басшысы Алтай Әлімен туыстығына байланысты болуы мүмкін екені айтылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген тексерісте комитет төрағасы Алтай Әлі мен Ербол Құлымбеттің ата-аналары туған аға-қарындас екені анықталды. Олар бір-біріне нағашы-жиен.
Агенттік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң бойынша мұндай туыстық жақын туыс немесе жекжат санатына жатпайтынын және мүдделер қақтығысын туындатпайтынын хабарлады.
Соған қарамастан Ербол Құлымбет өз еркімен қызметінен кеткен.
Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастады. Әр жылдары «Даму» қоры, Астана қалалық соты, премьер-министр кеңсесінде қызмет атқарды. Шымкент қаласы әкімдігінде басшылық лауазымдарда болды. 2021 жылдан бері көлік министрлігінің құрылымдарында түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2023 жылы көлік комитетінің төрағасы, кейін көлік және транспорттық бақылау комитетінің басшысы болып тағайындалды.
Белгілі болғандай, Алтай Әлі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын қадағалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық