«Басты рөлі бір жарым млн теңге»: Актер Жан Байжанбаевқа қатысты шу шықты
Фото: Instagram/ zhan_baizhanbayev
Қазақстандағы бір киномектеп 15 жастағы қыздың актер Жан Байжанбаевпен бірге фильмге түсуіне бір жарым миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жетінші арна» мәліметінше, Ұлпан есімді келіншектің 15 жастағы қызы Көркем әлеуметтік желілер арқылы кастинг туралы біледі. Онда Жан Байжанбаевпен бірге фильмге түсуге шақырады. Кастинг ұйымдастырушылар міндетті түрде ата-аналарымен келуді тапсырады. Әуел бастан менеджерлер Ұлпанға оның қызы басты рөлге ие болатынын, ол жабық шоуға лимузинмен келіп, қызыл кілеммен жүретінін айтады. Бірақ бұл үшін ата-аналар бір жарым миллион теңге төлеуі керек болған. Ұйымдастырушылар әйелдің қаражатты бірден төлегенін талап етеді.
«Біздің кезегіміз келгенде мені менеджерге апарды. Олар Жан Байжанбаевпен бірге 30-40 минуттық қысқаметражды фильм түсіретінін айтты. Осы үшін біз бір жарым миллион теңге төлеуіміз керек екен», – дейді келіншек.
Ұлпан бұл туралы әлеуметтік желілерде де айтты. Сол кезде көптеген адам оған бұл жиі кездесетін тәсіл екенін жазды. Киноға түсуге немесе модельдік курстарда оқуға шақыратын және сол үшін ақша сұрайтын көптеген агенттіктер бар екен.
Актер Санжар Мәди бұл әрекеттерді алаяқтық деп бағалады. Сонымен қатар ол «Рөл алу үшін ешқашан ақша төлемеңіздер» деп ескертті.
Жан Байжанбаевтың менеджері рөлді сомдауға шақырылғанын растады. Бірақ оқу процесі мен бағаға актердің еш қатысы жоқ екенін, бұған тек студия жауапты екенін айтты.
Айта кетейік, танымал блогер қыз бетін қайтарған соң Балқаштың жігіттері оны суға батырып жібере жаздады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық