Басшысының саусағын балтамен шауып тастаған күдікті бостандықта жүр
Фото: Envato
Қызылорда қаласында дәмханада кәсіпкер әйелдің саусағын қоластындағы жұмысшысы балтамен жауып, өзін соққыға жыққан деп хабарлайды, Orda.kz.
Кәсіпкер әйел қоғамдық тамақтану орнын жалға алып, адал еңбекпен кәсібін дөңгелетіп отырған. Онда аспаз ретінде жұмыс істейтін ер адам кәуәп дайындаған. Анықталғандай, жұмыс барысында әйел оған қызметтік міндетін дұрыс атқармай, ішімдік ішкені үшін ескерту жасаған.
Алайда сынды көтере алмаған ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтерген. Артынша ер адам әйелдің қолын үстелге қойып, балтамен екі саусағын шауып тастаған.
Заңгер Ғабит Өмірбек бұл іске құқық қорғау органдары ерекше назар аударып, объективті тергеу жүргізіп, кінәлі тұлғаны жауапқа тартуды сұрайды.
Алған жарақаттан келіншектің оң қолының балтамен шабылған 2 саусағы хирургиялық жолмен кесілген. Бел омыртқасы сынып, көп қан жоғалтып, сіңірі үзілгені белгілі болды.
Заңгердің айтуынша, осыншама ауыр дене жарақаттарына қарамастан күдікті қамауға алынбаған. Оған қоса, оның бұрын сотталғаны да белгілі болды.
«Біз жәбірленушінің ем қабылдау құжаттарына сәйкес сот-медициналық сараптама тағайындадық. Қан іздері мен заттай дәлелдер бойынша соталды биологиялық сараптама жүргізуді талап етеміз. Сонымен қатар, күдіктінің психологиялық жағдайына сараптама тағайындап, аса ауыр құқық бұзушылықты ескере отырып, «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қолдануды сұраймыз» деп жазды заңгер Ғабит Өмірбек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық