Баспанаға мұқтаж отбасыларға пәтер жалдау ақысы субсидияланбақ
Елімізде баспанаға мұқтаж отбасыларға жеке тұрғын үй қорындағы жалдау ақысын мемлекеттік қаражат есебінен 80 пайызға дейін субсидиялау жоспарланған, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
— Бүгінгі күні «Шаңырақ» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы пилоттық режимде (2020-2022 жылдары) іске асырылып жатыр. Оған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар ғана, яғни жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдар қатыса алады. 2020 жылдан бастап осы бағдарлама бойынша 18 мың өтінім келіп түсті. Оның ішінде бүгінгі күні 6,7 мыңға жуығы мақұлданды, деді Асқар Мамин.
Премьер-Министрдің сөзінше, «Шаңырақ» бағдарламасы аясында ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды және бұл ең төмен мөлшерлемелердің бірі болып табылады.
— Ипотекалық кредит беру қаржы институттары үшін жоғары тәуекелді құралдар болып саналады. Қарыз алушының еңбек қызметінің кірістері бойынша төлем қабілеттілігін бағалау міндеттемелерді уақтылы орындау үшін кепілгер болып есептеледі және қаржы институттарының кредиттік портфеліндегі қарыздардың «жұмыс істемейтін» тәуекелдерін болдырмайды. «Шаңырақ» пилоттық жобасын іске асыру үшін «Отбасы банк» АҚ қаражатын Ұлттық банк қайтарымды және ақылы негізде ұсынды. Бұл өз міндеттемелерін орындауға қабілетті қарыз алушыларды іріктеуді талап етеді. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, кірістерді құжаттық растаусыз азаматтардың төлем қабілеттілігін тексеру мүмкін емес, деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық