«Басқа дәрі берген»: Жамбыл облысында жүкті әйел ауруханада көз жұмды
Фото: time.kz
Жамбыл облысы Жуалы ауданының аурханасына токсикозбен түскен Айгүл Айтуғанқызы медициналық мекемеде 12 күн жатып қаза болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Время басылымының мәліметінше, марқұмның туыстары Айгүлдің қазасына дәрігерлерді айыптап отыр. Айгүл Жуалы аудандық ауруханасына жүктілігінің 8-айында, токсикозының асқынған кезінде түскен. Төртінші рет ана атанғалы отырған науқасты дәрігерлер гинекология бөліміне орналастырған. Кейін ол науқасқа «ксилол» деген дәрілік затты алдыртуды тапсырған. Айгүл дәріні күйеуіне алғызбақ болған. Алайда перепаратты сатып алуға барғанда дәріханадағылар «ксилолдың» химиялық зат екенін айтқан. Сондай-ақ фармацевт ер адамнан дәрінің атауын тағы бір нақтылап алуын сұраған. Ол дәрі «ксилат» болып шыққан. Ол 14 қаңтар күні әйеліне үш бөтелке «ксилат» алып, оны медицина қызметкерлері арқылы беріп жіберген. Кейін Айгүл тағы «церукал» препаратын алдыртуын сұратқан.
Айгүлдің күйеуі оның телефон тұтқасын көтермей қойғанынан сезіктенген. Сол кезде келіншегі жансақтау бөлімінде жатқан екен. Жүрегі үш рет тоқтаған. Бірақ дәрігерлер күйеуіне ештеңе айтпапты.
Марқұмның жақындары дәрігерлерден қате кеткенін түсініп, олардан емдеу хаттамасын сұраған. Алайда дәрігерлер бермей қойған. Кейін «ксилаттың» токсикозды емдеуге қолданылмайтыны белгілі болды. Ал дәрігерлер препаратты емдік мақсатта қолданбағанын, тіпті үш бөтелкенің ашылмағанын айтып, суретке түсіріп жіберген.
Күйеуінің Айгүлге жіберген суретіндегі «ксилат» пен дәрігерлер жіберген суреттегі «ксилаттың» айырмашылығы бар болып шықты. Ер адам сатып алған дәрінің сериясы AV 212/1-1, жарамдылық мерзімі 27.10.2024 жылға дейін, ал дәрігерлер жіберген препараттың сериясы AV 13/1-2, оның жарамдылығы 31.01.2025 жылға дейін жетеді. Осылайша дәрігерлер препаратты ауыстырып қойған.
Облыстық полиция департаменті Жуалы ауданы орталық аудандық ауруханасында науқастың қайтыс болу фактісі бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеліп жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті