«Басқа адаммен шатастырып алды»: Полиция Инга Иманбайдан кешірім сұрады
Фото: Инга Иманбай жіберді
Алматыда құқық қорғаушы, Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбайды «Жібек жолы» метросы бекетінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады, деп хабарлады Orda.kz.
Алайда артынша полиция Инганы біреумен шатастырып алғанын мәлімдепті.
«Басшылықтан біреу келді — мені босатты. Полиция қызметкері кешірім сұрады», — деді ол.
Алайда сотталған Жанболат Мамайдың жұбайы, полиция қызметкерінің телефонынан өзінің суретін көргенін атап өтті.
Инга ұстап жатқанда редакциямызға қоңырау шалып, полиция қызметкерлерінің телефонында өзінің суреттері бар бағыттама болғанын айтты.
«Мені Жібек жолы метро стансасы маңында полиция ұстады. Неліктен екенін білмеймін. Олардың телефонында менің паспорттық суретім мен Момышұлы метросына кіріп бара жатқан суретім болды. Олар себептерін түсіндірмеді», — деді Инга.
Ол өзін саяси көзқарасына бола ұстады деп отыр.
«Мен заңгер және құқық қорғаушымын. Қандай да бір қылмыстарға немесе басқа бұзушылықтарға қатысым жоқ. Өзімді ұстау себебі соңғы істерім — Ербаян Мұхтардың ісі және саяси көзқарастарыма қатысы бар шығар деп топшылаймын», — деп толықтырды ол.
Бірнеше минуттан кейін оған қайта қоңырау шалдық. Инга оны босатқанын айтты.
Еске салсақ, 9 қыркүйекте Жоғарғы сот Жанболат Мамайдың ісін қайта қараудан бас тартты. 2023 жылдың көктемінде оған ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша алты жыл шартты жаза кесілді.
Тағылған айыптар:
— «Полицияны қорлау» (ҚР ҚК 378-бабы);
— «Жалған ақпарат тарату» (ҚР ҚК 274-бабы);
— «Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» (ҚР ҚК 272-бабы).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық