Башқұртстандағы наразылық акциясына қатысты ұсталған адам қайтыс болды
Уфада наразылық акциясы кезінде тәртіп сақшылары ұстаған ер адам қайтыс болды. Башқұртстанда Уфа тұрғыны Рифат Дәуітовты ОМОН алып кеткен соң қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Настоящее время басылымының хабарлауынша, Дәуітов қоғам қайраткері Фаил Алсынов ұсталған соң елде болған наразылық акцияларына қатысты деген күдікке ілінген.
Дәуітовтың әпкесі Залия Ахмадееваның айтуынша, ол мәйітті анықтау үшін мәйітханаға шақырылған. Марқұмның ата-анасына оның ішімдік ішіп, жүрегі тоқтап қалғаны айтылған. Бірақ Дәуітовтың туыстары оның ішімдік ішпегенін айтады.
Басылымның мәліметінше, ер адамды Новые Чебенки ауылына сүйіктісімен кездесуге келген кезде ОМОН қызметкерлері ұстаған.
Бірақ құқық қорғау органдары оны тауып алып, белгісіз бағытқа алып кеткен.
Дәуітовтың бұған дейін полицияға шақырылғаны, оған наразылық білдіріп, тәртіп бұзды деген айып тағылғаны белгілі. Алайда оның әпкесі інісінің митингке қатыспағанын және оның басталуына 20 минут қалғанда кетіп қалғанын алға тартады.
Бұған дейін Orda.kz Башқұртстанда (https://t.me/orda_kz/73467) башқұрт белсендісі Фаил Алсыновқа үкім шығарылған соң тәртіпсіздіктер басталғанын жазған болатын. Бұған дейін башқұрт белсендісін қолдап, бірнеше мың адам көшеге шықты.
Ресей үкіметі Алсыновты араздық қоздырды деп айыптады (https://t.me/orda_kz/73333). Алсыновқа айып тағылуына оның өткен жылдың сәуір айында алтын өндіруге қарсы митингіде сөйлеген сөзі себеп болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық