Бас әскери прокурор тағайындалды
Cурет:.gov.kz
Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың өкімімен Дастан Әбдіқадырұлы Секенов Бас әскери прокурор болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Д.Ә.Секенов Прокуратурадағы қызметін 1996 жылы Алматы қаласы Ақсай шағын ауданында тағылымдамадан өтуден бастаған. 2001 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2001-2009 жылдар аралығында Бас әскери прокуратурада басшылық қызметтерді атқарған. 2009 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.
2014-2018 жылдары Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде басқармаларды басқарды. 2018 жылдан Президент Әкімшілігінде жұмыс істеп, 2019 жылы Мемлекеттік заң бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды. 2019 - 2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болды.
2021 жылдың мамыр айынан бастап Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.
Сыныптық шені – әділет полковнигі.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2015ж.).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық