Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды
Жүкті әйелдердің толғату уақыты таяғанда қолында ПТР әдісімен COVID-19 сынағының теріс нәтижесі бар сертификаты болса, нәтиже шыққан күннен бастап серіктестік босануды өткізуге рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, Қазақстанға рейстермен, теміржол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өткелдеріндегі бақылау-өткізу пункттері арқылы келетін адамдарға қатысты іс-шаралар өткізу ережелері өзгертілді.
Атап айтқанда, Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде келгендердің барлығы, бес жасқа толмаған балаларды қоспағанда, мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезінде нәтиже шыққан күннен бастап 3 тәуліктен аспаған COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті.
Бұған дейін кейбір келушілерге, атап айтсақ; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен келген шетелдік және халықаралық ұйымдардың ресми делегация мүшелері, дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен қызметкерлері және олардың отбасы мүшелеріне ерекшеліктер берілетін. Ендігі жағдайда олар да теріс нәтижелі ПТР сертификатын ұсынуы керек.
ПТР анықтамасынсыз келген адамдар карантиндік ауруханаға үш күнге дейін COVID-19 зертханалық зерттеуге ПТР арқылы жіберіледі.
Регламент 2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 00: 00-ден бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық