Бас прокуратура Владислав Челахтың ісін қайта тексереді
Бас прокуратура 2012 жылы «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтіру ісі бойынша сотталған Владислав Челахтың өтінішін зерттеуге уәде берді.
– Арыз Бас прокуратураға жіберілді. Әрі қарай зерттейміз, өйткені өздеріңіз түсінесіздер, іс он жыл бұрын болған. Қажет болса, одан жауап алынады, – деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев.
Еске салайық, 2012 жылдың мамыр айында Алматы облысындағы «Арқанкерген» заставасында 14 шекарашы мен бір жергілікті аңшының өлі денесі табылған болатын. Бірнеше күннен кейін қанды қырғынды мойындаған соңғы, 15-ші «Арқанкерген» шекарашысы Владислав Челах ұсталды. Тергеу мәліметінше, Челах алдымен сарбаздарды атып, кейін казарманы өртеп жіберген.
Челах 2012 жылы желтоқсанда ауыр қылмыс жасады деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Қазақстан әскери сотының апелляциялық және кассациялық алқалары бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы Қазақстан президентіне кешірім жасауды өтінген. 2014 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы да үкімді өзгеріссіз қалдырды.
2015 жылдың 2 ақпанында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Челахтың шағымын қарауға қабылдады. 2017 жылғы 7 қарашада шағым комитетте қаралып, қанағаттандырылды. Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабын бұзып, сол арқылы Челахты әділ және бейтарап сот қарау құқығынан айырғаны танылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық