Бас прокуратура: Күдебаевтың үнсіз келісімімен азаматтарды азаптап, ұрып-соққан
Қазақстанның Бас прокуратурасы экс-генерал Серік Күдебаевқа тағылған айыптың жай-жапсарын жариялады. Тергеу оның кінәсінен қала қорғансыз қалды деп есептейді. Сонымен қатар оның үнсіз келісімімен 23 азамат азапталғаны айтылды.
Кеше Алматы облыстық ПД-ның бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және азаптау бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Кейінірек Бас прокуратура тағылған айыптың егжей-тегжейлерін жариялауды ұйғарды. Ведомствоның хабарлауынша, экс-генерал Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын, Мемлекет басшысының «Төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығын, «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Ішкі істер органдары туралы» заңдарды бұзған», сондай-ақ ішкі ведомстволық бұйрықтар мен арнайы жоспарлар талаптарын орындамаған.
Шабуыл белгілері болмаған жағдайда да төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орнына С.М.Күдебаев жеке құрамға ғимараттан шығып, үйлеріне қайтуға заңсыз бұйрық беріп, қызметкерлердің рухын түсірген. Аудан коменданты бола тұра, жедел штабтың дұрыс жұмыс істеуін және облыстағы жағдайды тұрақтандыру бойынша дер кезінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етпеді. Соның салдарынан Талдықорған қаласы бейберекеттік пен тәртіпсіздіктерге тап болды. Бұзақылар сауда үйлері мен кәсіпкерлік нысандарын тонап кеткен. Олар банкоматтар мен супермаркеттердің кассаларын босатып, облыс әкімдігінің, «Нұр-Отан» партиясының ғимараттарына шабуыл жасап, өртеп жіберген.
Салдарынан Облыстық полиция департаменті мен Талдықорған қалалық полиция бөлімі ғимаратынан 500-ге жуық қару мен 28 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланған, олардың біразы әлі табылған жоқ. Азаматтар мен мемлекетке келтірілген шығын шамамен 5 миллиард теңгеге бағаланды.
«2022 жылдың 7-16 қаңтары аралығында оның жасырын келісімімен 23 азамат Полиция департаментінің ғимаратында жаппай азапталған. Оның үстіне С.М.Күдебаевтың қарамағындағы қызметкерлері жеткізілген адамдарды бөлім аумағында ұрып-соққаны бейнекамералар арқылы жазылып қалған. Психикалық және физикалық зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ үтік қолданып, тыйым салынған тергеу әдістері нәтижесінде аталған азаматтардың денсаулығына әртүрлі ауырлықта зиян келтірілді» деп толықтырды Бас прокуратура.
Бас прокуратура Күдебаевтың кінәсінің толық дәлелденгендігін баса айтты.
Еске салайық, Алматы облысының бұрынғы ДП басшысы 2022 жылдың қаңтар айының басында Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздіктер орын алған кезде қаланы тастап кеткен болатын. Сосын ол үкім шығар алдында елден қашып кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық