Бас прокуратура БҰҰ-ның Мәсімовке қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді
фото: ABC
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты БҰҰ-нан ресми хабарлама болмағанын айтты.
Бұған дейін БҰҰ-ның негізсіз тұтқындаулар жөніндегі жұмыс тобы Кәрім Мәсімовтің себепсіз ұсталғанын мәлімдеген.
«Біз Қазақстан үкіметін Кәрім Мәсімовті негізсіз ұстауға қатысты істерді тәуелсіз тергеушілер жүргізуін қамтамасыз етуге және оның құқықтарын бұзған жауаптыларға тиісті шара қолдануға шақырамыз» делінген хабарламада.
Әсет Шындалиев бұл хабарламаны желіден көргенін мойындады.
«Бірақ мен [БҰҰ] жұмысы бойынша мұндай ұсыныстарды әлі алған жоқпын. Өтініш ресми түрде Бас прокуратураға жолданған кезде сол бойынша жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде шешім қабылданады» деп сендірді ол.
Еске салсақ, Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Қаңтар айының соңында ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі құпия болып, сот оларды қамауға алуға санкция бергенін хабарлады. 10 наурызда департамент Мәсімовтен тәркіленген миллиондар, зәулім үйлер мен қымбат көліктер туралы айтты. ҰҚК экс-басшысының қамауға алу мерзімі бұған дейін жеті рет - 14 наурызда, 14 сәуірде, 11 мамырда, 6 маусымда, 19 шілдеде, 25 тамызда және 26 қазанда ұзартылды. Ол 17 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық