Бас прокуратура «Болат Назарбаевтың тоқалының» айтқандарына қатысты қылмыстық іс қозғауы мүмкін
Бас прокуратура Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжанның сұхбатта айтқан деректерін тексеру үшін екі бірдей органға сұрау жолданып, қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады. Бұл туралы Massaget.kz жазды.
Бас прокуратура Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасындағы сұхбатта айтқан бірнеше фактілерін тексеруді қолға алды. Сонымен қатар, қылмыстық іс қозғау мәселесінің қарастырылып жатқанын мәлімдеді.
Қазірде кеңінен ақтарылған, бүкпесіз сұхбат барысындағы деректерге тексеріс жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне өтінім жолданған.
Еске салсақ, белгілі заңгер Алмас Жұмағали Динара Әлжанның айтқан деректерінен қандай қылмыстық іс қозғауға болатынын айтқан.
«Біріншіден, Кентал (әнші Талғат Кенжеболатов - еск.) мен «командасының» есірткіге қатысы. Екіншіден, Ғабидолланың (Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов) қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ма, әлде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу ма, оны тексеріс анықтауы керек. Болат Назарбаевтың қаржыны оңды-солды шашуы, казинодан ұтылып қалған Қайрат Нұртас үшін 400 000 доллар бере салуы - қаржының шығу тегінің заңдылығы анықталуы керек». Ол сандырақ емес, Жылқышыбай басында сұрап алды: «Ертең сөздеріңізден тайып, ана жерін, мына жерін алып тасташы» деп сұрамайсың ба?», - деді заңгер.
Бас прокуратура алдағы уақытта аталған қос органның бұл мәселеге қатысты тексеру нәтижесімен бөлісетіндігіне сендіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық