Бас прокуратура 9 сәуірде митинг өткізбекші болғандарға үндеу тастады
vop.ru – иллюстрация
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңының 40-бабына жүгінді.
Қазақстанның Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде тараған 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингтер өткізу және оларға қатысу туралы шақыртуларға қатысты халыққа үндеу жолдады.
«Бас прокуратура мұндай әрекеттерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін заңда белгіленген жауапкершілік туралы бірнеше рет ескертті. Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау – біздің басты басымдықтарымыз. Сондықтан «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң нормаларын сақтау қажеттілігіне және оларды бұзуға жол берілмейтініне тағы да назар аудартамыз» делінген үндеуде.
Прокуратура «Жаппай бұқаралық іс-шараларды алдын ала хабардар етіп, жергілікті атқарушы органдардан рұқсат ала отырып, арнайы бөлінген орындарда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтін шараларды қабылдау арқылы өткізу қажет» екенін еске салды.
Бас Прокурордың орынбасары бұл шарттар сақталмаған жағдайда кез келген халық өтініші заңсыз деп танылатынын нақтылады.
«Құқық бұзушыларға қатысты құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шараларды қабылдайды. Осылайша, заң талаптарын бұза отырып өткізілген митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (3-баптың 3-тармағы) заңсыз болып табылады және ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамауға алынады.
Осы іс-әрекеттер нәтижесінде елеулі залал келтіргені үшін кінәлілер ҚК-тің 400-бабы бойынша айыппұл немесе 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады» делінген хабарламада.
Бас прокуратура заң нормаларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерді, сондай-ақ оларға жария түрде шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан аулақ болуға шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық