Бас прокурордың орынбасары билікті күшпен басып алуға әрекеттенді
Фото: Kyrgyzstan_online
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысы бар және билікті күшпен басып алмақшы болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген желеумен әрекет еткен.
«Ұлттық спорттық ойындар өткізу сылтауымен олар зорлық-зомбылыққа шақырып, конституцияға қарсы ұрандар айтып, жергілікті кеңештің сайлауы өтетін күні, яғни 2024 жылдың 17 қарашасында елдегі жағдайды тұрақсыздандырып, билікті күшпен басып алуды жоспарлаған», – деп мәлімдеді Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі.
Жедел-тергеу шаралары барысында топ мүшелері ұсталды. Ұсталған 7 адамның үшеуі шетел азаматтары болып шықты. Тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, дрондар мен есірткі табылған.
Ал негізгі ұйымдастырушы Бас прокурордың бұрынғы орынбасары болып шықты. Оның міндеті қаржылық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен байланыс орнату, әрекеттер туралы ақпарат беру, рөлдерді бөлу және жаппай тәртіпсіздік пен билікті басып алу кезіндегі әрекеттерді үйлестіру болған. Ұсталған 7 адам 10 қаңтарға дейін қамауға алынды.
Жаңалықтар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады