Бас Прокурордың наразылығымен тағы бір азамат ақталды
Фото: Pexels
Қостанай облысында Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот бір азаматты ақтады.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтылай айтар болсақ, Қостанай облысы Алтынсарин аудандық сотының апелляциялық сот алқасы өзгеріссіз қалдырған үкімімен Кенжеғарин ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігі бойынша алаяқтық жасағаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Атап айтқанда, Кенжеғарин Қостанай облысы Алтынсарин ауданының заңдастыру комиссиясына құжаттарын тапсырып, Малая Чураковка ауылында орналасқан пәтерді заңдастырып, тіркеуге алған.
Кейін заңдастыру туралы шешім Қостанай облысының апелляциялық сотымен заңсыз деп танылды, өйткені Кенжеғарин комиссияға пәтерді сатып алу туралы жалған ақпарат берген.
Аталған сот шешімі Кенжеғаринді алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болды.
Шын мәнінде, іс бойынша жауап алынған куәлар пәтерді 1997 жылы бұрынғы иесі Кенжеғаринге 100 мың теңгеге сатқанын растаған. Кенжеғарин куәлардың көзінше ақшаны қолхатсыз тапсырған.
Сатушыда пәтердің өзіне тиесілі екенін растайтын құжаттары болмаған, өйткені ол да оны бұрынғы меншік иесімен ауызша келісім негізінде алған.
Мұндай жағдайда Кенжеғарин азаматтық сотқа шағымдану арқылы мәмілені орындалды деп тану арқылы пәтер иесімен мәселені шешуі керек еді.
Осылайша, Кенжеғариннің әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ, өйткені оның алаяқтық ниеті болмаған.
Жоғарғы сот Бас Прокурордың Кенжеғарин мен пәтер сатушысы арасында азаматтық-құқықтық қатынастар туындағаны, ол қылмыстық қудалауды болдырмайды деген наразылық уәждерімен келісті.
Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Кенжеғаринді ақтады.
Жалпы, бірінші жартыжылдықта Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша 4 адам ақталды.
Сондай-ақ жазаны жеңілдету, әрекеттерді қайта саралау, түзеу мекемесінің режимін жеңілдету арқылы 82 адамның жағдайы жақсарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық