«Бас прокуратурадағы уәж»: Еш дәлелсіз 10 жылға сотталған 20 жасар жігіт әділдік сұрайды
Фото: Orda.kz
Қазір «қыз зорлау» бабы бойынша әртүрлі себеппен жала жабатындар бар. Orda.kz редакциясы осыған ұқсас бір жағдайды баяндағалы отыр. Жалған жаладан соң, сот істің мән-жайына қарамай, 20 жастағы жігітті еш дәлелсіз 10 жылға соттады. Кейде қарапайым, кінәсіз азаматтарға сот өте қатал, әрі әділетсіз. 14 сәуір күні қыз зорлады деп айыпталып, сотталған Ермек Жақияның туыстары әділдік іздеп бас прокуратураға келді.
Orda.kz тілшісі жайын айтып келген қарапайым азаматтарға Бас прокуратураның қалай жауап беретінін білу үшін бірге барып, істің мән-жайын саралап көрді. 14 сәуір прокурор Алмас Жұмабеков қарсы алып, жәбірленуші тараптың арызын тыңдап, бір күн уақыт беруді сұрады.


«Маған бір күн уақыт беріңіздер. Мен істі қарап шығайын. Қалдырған өтініштеріңізді де көруім керек», — деді Алмас Жұмабеков.
15 сәуір күні түстен кейін Алмас Жұмабеков Бас прокурордың аға көмекшісі Сәуле Садықованы кеңсесіне шақырып, оқиғаны қысқаша түсіндіріп берді.
Әскерден түрмеге аттану


Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деп айыпталған Ермек — дәл сол күні басқа жерде болған. Сотта қыздың өзі шын мәнінде оны басқа адам зорлағанын айтқан. Туыстары әділетсіз сот шешімімен келіспей, істі қайта қаратқалы отыр.
Айғақтар орнында тексеру және нақтылау хаттамалары болмаған, сондай-ақ жәбірленуші мен күдіктіні мүлде беттестірмеген. Қылмыстық іс материалдарында келтірілген дәлелдер қарама-қайшы.
Бас прокурордың аға көмекшісі Сәуле Садықованың кеңсесіне Ермектің ата-анасы, қыздың өгей әкесі Біржан, Ермектің нағашы атасы Жұмаш, психолог Маржан Елеуқұлова, адвокат Раджан Берсінбаев және Orda.kz тілшісі барып қайтты.
Ермек қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талаптары негізінде тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу айыбы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген.
Қаза болған ана және мұраға қалған үй
Адвокаттардың сөзіне қарасақ, анасының туған бауыры зорлаған. Сот оған да 10 жыл жаза берген. Жақындары өзіне өзі қол салған анасының әрекеті осы сұмдықты көтере алмаған соң, суицид жасады деп топшылайды. Енді нағашы жұрт марқұмның үйін алу үшін оның күйеуінің туысына жала жауып отырғанын айтты.
Раджан Берсінбаев бізге тергеу органы мен бірінші сатыдағы сотының кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты 2021 жылдың 27 қарашасында болған зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп айыптауының негізсіз екенін және тек қана жәбірленушінің өзінің айғақтарына, сондай-ақ одан алынған дәлелдерге сүйенгенін баяндап берді.
«Ермек менің туған әпкемнің баласы, өгей қызым. Әйелім 2024 жылдың 22 наурызда өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды. Жаназа кезінде жұбайымның туыстары үй дауын шығарып, мені 3 баламмен далаға қуып шықпақшы болды. Негізі осының бәрін үй үшін істеп отыр. Бұл қыздан бөлек Назерке екеуміздің 3 баламыз бар. Назеркенің туыстарына «осы үйде бауырларды бөлмей, бірге тұрыңдар өзім асыраймын» деп ұсындым. Бірақ олар көнбеді. Ол кезде Ермек әскерде еді. Қырқын берер кезде марқұм әйелімнің туыстары «інің қыз зорлапты» деген әңгімені айта бастады. Мен «қай інім екенін айт, өзім-ақ полицияның қолына апарып беремін» дедім. Олар әскерден келгені деген соң, мен бірден түсіндім. Олар Ермек туралы айтты», — деді өгей әкесі Біржан.
Біз одан не үшін әйелінің өз-өзіне қол жұмсағанын сұрадық.
«Ол кезде не үшін екенін білмедім, тергеу кезінде Назеркенің туған інісі Ерасыл қызды зорлағанын білдік. Ерасыл мойындады және 10 жылға сотталды. Менің ойымша сол себепті шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсады», — деді Біржан.
Ермектің отбасы әскерден аман-есен келген сарбазды қуана қарсы алып үйге емес, тергеу бөліміне апарды.
Арада біраз уақыт өткенде, қыздың нағашы атасы телефон шалып үйді сатып ақшаны берсеңдер арызды қайта аламыз деп айтқан. Біржан бұған да келіскен.
Оқиға болған күн
Қыздың сөздеріне қарасақ, оқиға 2021 жылдың 27 қараша күні болған. Яғни, жәбірленуші тергеушіге және сотта сол күні атамның үйінде зорлады деп айтқан.
Біржан мырза 2021 жылы 27 қарашада нақты не болғанын баяндап берді.
«Өгей қызым — өтірікке жақын және қолының сұғанақтығы бар қыз еді. 26 қараша менің әкемнің 60 жас мерейтойы болды. Негізі Назерке оны жанынан тастамайтын, бірақ тойға апарған жоқ. Біреудің затын ұрлап немесе бүлдіріп тастай ма деп қорықты. Сол күні тойдан кейін құда-жекжат сол үйге барды. 27 қараша тағы бір үй қонаққа шақырып, сол жаққа Ермекпен бірге шығып кеткен. Ол кезде Ермек студент достарымен пәтерде тұратын. Тойдан кейін екі пакет тамағын алып кеткен», — деді Біржан.
Біржанның әкесі сол күні Ермекпен бірге есікті құлыптап үйден шыққанын айтты.
«27 қараша. Мен, құдаларым және Ермек үйден бірге шықтық. Мен есікті өзім жауып шыққанмын. Ал қызды әпкесінің үйіне, өгей әкесі Біржан өзі апарып тастаған. Тергеу кезінде әпкесі үйімде болмады десе, сотта қыз әпкесінің үйінде болғанын айтты. Тергеу кезінде нақты куәгерлерді тергеген жоқ», — деді Жұмаш ата.
Бір қызығы тергеу кезінде жәбірленуші қызбен психолог Маржан Елеуқұлова жұмыс істеді деп қорытынды құжатқа Маржанның аты-жөні жазылған екен.
Ал Маржанның айтуы бойынша қызбен жұмыс істемек түгілі түрін де көрмегенін айтты.
«Сәуле ханым құжатқа менің аты-жөнімді жазып қойған. Бірақ мен бұл қылмыстық іс туралы тіпті хабарым жоқ. Маған бұл туралы журналистер айтқанда, қатты таң қалдым, себебі мен қызды көрмегенмін», — деді Маржан.
Ермектің анасы Гүлім сараптама ісін мойындаған Ерасылдың сараптамасы бойынша балам жазықсыз сотталып отыр дейді.
«Заң жағынан білімі болмағандықтан, сонымен қатар бірінші адвокаттардың тәжірбиесі болмағандықтан, Ермектің ата-анасы сотта жеңіліп отыр. Біз аппеляциялық шағым түсірдік, бірақ сот залына әкелген куәгерлерімнен жауап алмады. Өткізген өтініштерімнің барлығын қанағаттандырмады. Бұл істе өте көп заң бұзушылық бар. Яғни, айғақтар орнында тексеру және нақтылау хаттамалары, сондай-ақ жәбірленуші мен күдіктінің беттесуі мүлдем болмаған. Қылмыстық іс материалдарында келтірілген дәлелдер қарама-қайшы», — деді қазіргі адвокаты Раджан Берсінбаев.
Бас прокурордың аға көмекшісі Сәуле Садықова оқиғаны толық тыңдап, Алматыдан барлық құжаттарды алдыртып, зерттейміз деп жауап берді.
«Алматыдан барлық құжаттарды алдыртып, зерттейміз. Егер де құжатта заң бұзушылықтар мен жазықсыз екені дәлелденсе, қолдауға дайынбыз», — деді Сәуле Садықова.
Егер 2004 жылы дүниеге келген Ермек Жақиянов жазықсыз болып шықса, енді ғана әскерден келіп, өмірін бастағалы отырған ұлдың обалы жала жапқандарға, немқұрайлы қарағандарға қалады. Біздің бір айтарымыз, шындықты айтпаған соң, әділетсіздік орнап, қиянат салтанат құратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан кез келген әділетсіз шешім қабылданғанда үнсіз қалмау — азаматтық қоғамның басты белгісі.
Orda.kz осы мәселені бақылап, Бас прокуратураның әрекеттерін хабарлап отырады. Алдағы уақытта осы іс жайлы жан-жақты ақпарат береміз.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты