Бас прокуратура Нұрбол Назарбаевтың активтерін тексеріп жатыр
Коллаж: Orda.kz
Бас прокуратура Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың активтеріне қатысты депутат Ринат Зайытовтың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың сауалына жауап бере отырып, Нұрбол Назарбаевтың активтері тексеріліп жатқанын айтты. Депутат активтерді қайтару процесінде ашықтық болуын талап еткен еді.
«Заң шеңберіндегі жұмыспен сіздің сауалыңызда көрсетілген тұлға да қамтылған. Дегенмен, заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган мен комиссия мүшелері алынған мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті. Сіз көрсеткен ақпарат активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл және оларды қайтару барысында ескеріледі», – деп жауап берді Берік Асылов.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Назарбаевтар әулетінің заңсыз иеленген активтеріне қатысты бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдаған.
Сонымен қатар, Нұрбол Назарбаев 57 миллиард теңге көлеміндегі активтерінен және бизнесін басқару құқығынан айырылғаны хабарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық