Бас прокуратура Әнипа Назарбаеваның компанияларына қатысты контрабанда фактісін анықтады
Фото: Orda.kz
Бас прокуратура кеденде тексеру жүргізіп, елге контрабандалық тауарларды әкелу бойынша сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтады. Анықталған заңбұзушылыққа жол берген компаниялардың кейбірі Нұрсұлтан Назарбаевтың әпкесі Әнипа Назарбаеваға тиесілі.
3 мамыр күні таңертең Бас прокуратура кеден саласындағы тексеру қорытындысын жариялады. Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және тауарларды жалған декларациялау фактілері анықталып, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 165 млрд теңгені құрады. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде Бас прокуратура тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісін анықтады. Кәсіпкерлерді салықтан жалтарту үшін операторлар соңғы екі жылда 221 млрд теңгенің шот-фактураларын қолдан жасаған. Тексерудің бір айында 800 млн теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі анықталды.
Мәселен, Әнипа Назарбаеваға тиесілі «Group Of The Companies Tda» ЖШС-нің жүктерін тексеру барысында жалпы сомасы 287 млн теңгенің декларацияланбаған тауары анықталды. ЖШС директоры қамауға алынды.
Прокуратура 2022 жылдың 27 қаңтарында «Берекет Логистик» ЖШС-нің жүктерін қайта қарау кезінде салмағы 22 тонна, жалпы құны 127 млн теңгені құрайтын контрабандалық жүкті анықтаса, «Нұр жолы» кеден бекетінің маманы Мошканов декларацияда 337 кг жүк салмағын көрсеткен.
Жоғарыда аталған компаниялардан басқа, Бас прокуратура «Almobi Group» ЖШС, TexAlliance, DEC Service, EIC Asia Logistic, TL NIKA Keden, Cargo Management, Express Keden Service және GB Invest ұсынатын контрабанданы анықтады.
Сыбайлас жемқорлық схемасына Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қатысты: ақпараттық жүйедегі ақпаратты реттеу арқылы олар 9 импорттаушыға жалпы сомасы 143 млн теңгеге тауардың кедендік құнын тексеруден өтуге жол берді.
Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас прокуратураның бірлескен жұмысының арқасында «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасарын қамауға алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, инспекторларға 30 мың доллар көлемінде пара бергені үшін «Cargo Management» ЖШС-нің өкілі қамауға алынды.
Ашық мәліметтерге сәйкес, «Cargo Management» ЖШС иесі – Мақсат Қайдар, ол 2022 жылдың 8 ақпанында тағайындалған. Ал құрылтайшысы ретінде белгілі Әсет Нұрдос көрсетілген. Компания 2016 жылдан бері бар, ал 2019 жылдан бері жеті рет қайта тіркелді.

Қолда бар барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою мақсатында үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық