Бас прокуратура Назарбаев ескерткішін құлатқан жігітке қатысты пікір білдірді
Бас прокуратура талдықорғандық Азамат Батырбаевтың тыртықтары мен жарақаттарына қатысты түсініктеме берді.
5 қаңтарда Талдықорғанда 37 жастағы ер адам наразылық акциясына қатысқан. Өзге демонстранттармен бірге ол тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан.

«2022 жылдың 22 қаңтарында Талдықорғандағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін ұсталды.
2022 жылдың 23 қаңтары жауап алу кезінде ол ішкі істер органдарының қызметкерлері 10 қаңтарда денесіне жарақат келтіргенін көрсеткен.
А. Батырбаевтың осы арызы негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, қасіретті қаңтар кезінде Талдықорғанда алаңға шыққандар Назарбаевтың ескерткішін жүк тиегішке байлап, құлатқан. Артынша, бұл азаматтардың үстерінен іс қозғалған.
Ал кеше кешке қарай, ұсталған азаматтардың біріне ішкі істер органдары қысым көрсетіп, азаптағандары анықталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық