Бас прокуратура Кәрім Мәсімовке қатысты мәлімдеме жасады
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен бұрынғы мәдениет вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты «рейдерлік» бабы бойынша іс тергелмей жатыр.
Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі Informburo.kz сайтының сауалына берген жауабында хабарлады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне және мемлекеттік органдардың жауаптарына сәйкес, Кәрім Мәсімов пен Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 249-бабы – «Рейдерлік» бойынша қылмыстық іс тіркелген жоқ» делінген хабарламада.
Мамырдың 20-сы күні журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында Мәсімов пен Әбдірахымовқа рейдерлік басып алулар жасағаны үшін тергеу жүргізілгенін хабарлады.
Бұған дейін ҰҚК тергеу тобы Мәсімовке және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын түсіндірді:
- 366-баптың 4-бөлігі – «Пара алу» (12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады);
- 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы – «Билікті немесе өкілеттікті асыра пайдалану» (10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады);
- 175-баптың 1-бөлігі – «Мемлекетке опасыздық жасау» (Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру мүмкіндігімен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді);
- 179-баптың 3-бөлігі – «Билікті тартып алуға немесе ұстап тұруға, сол сияқты билікті басып алуға немесе ұстап қалуға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге үгіт-насихат жасау немесе жария түрде шақыру» (17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған). Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру мүмкіндігімен);
- 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру» (жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады).
Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды.
Кейін ҰҚК одан тәркіленген сәнді заттарды көрсетті. Сондай-ақ министрлік Кәрім Мәсімовтің жабық келісімшартты алу үшін шет мемлекеттің өкілдерінен 2 миллион доллар пара алғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық