Бас прокуратура Бергей Рысқалиевтің неге ұсталмай жүргенін түсіндірді
Фото: azh.kz
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Лондонда жүрген Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің неге ұсталмай жатқанын айтты.
"Бергей Рысқалиевқа сырттай шығарылған сот үкімі бар. Өкінішке қарай, бізде Лондонмен сотталғандарды беру және алмасу туралы келісім жоқ. Біздің құқық қорғау органдары тиісті келісім болмаса, ештеңе істей алмайды", - деді Шындалиев.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусин Ұлыбритания астанасы Лондондағы Burberry киім дүкенінің алдында суретке түскенін жазған едік.
2019 жылы сот Рысқалиевті сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырды. Аслан Мусин зейнетке шыққаннан кейін Черногория азаматтығын алып, Еуропада тұрады.
Бергей Рысқалиев 2006 жылы Атырау облысының әкімі қызметіне кірісіп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, алғашқы күннен-ақ газдандыру, электрлендіру, сумен жабдықтау нысандарын салу, сондай-ақ тұрғын үйлерді салу кезінде ақша ұрлай бастаған. Ғимараттар, көпірлер, ағынды суларды тазарту қондырғылары және т.б. мемлекетке келтірілген жалпы шығын 72 млрд теңге болды.
Жаңалықтар
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: видео желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Камза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасасты
- Қазақстанда қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды
- Тоқаев қазақстандықтарды халықтың бірлігі күнімен құттықтады
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды