Бас прокуратура алименттен жалтарғандардың соңына түсті
Фото: Studio Romantic/Shutterstock/Fotodom/
Прокурорлар алимент бойынша жауапсыз борышкерлердің жасырын табыстарын анықтап, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуда.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.
Биылғы жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша 253 мың жауапсыз ата-ананың 367 мың бала алдындағы борышы 19 млрд теңгеге жеткен.
Борышкерлер берешекті төлемеуді жұмыстың жоқтығымен ақтайды. Шынында да, олардың көпшілігі ресми түрде жұмыссыз және жұмысқа орналасу үшін шара қолданбайды немесе шынайы табыстарын электронды әмиянда сақтайды.
Қазіргі заманғы табыс көздері, такси, жеткізу қызметтері мен әлеуметтік желідегі оқырманы көп аккаунт иелері жақсы ақша табады.
Астана прокуратурасы электрондық әмияндарда 350 млн теңгеден астам сомаға өз ақшаларын жасырған 170 жауапсыз борышкерді анықтады.
Алимент төлеуден жалтару фактілері бойынша ҚК-нің 139-бабы бойынша 30 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 45 млн теңгеге берешек өтелді.
Жалпы, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау шараларымен 15,5 мың баланың құқықтары қорғалды, сот орындаушылары олардың пайдасына алимент бойынша 2,3 млрд теңгеден астам қарызды өндірді.
Алимент төлеуден жалтарған 1,7 мың борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді