Бас прокуратура Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді
Бас прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.
Бұл туралы қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бас прокуратура 2023 жылдың 27 қазанында Абай ауданындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді» делінген хабарламада.
Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне қарасты Батпаев орман шаруашылығында ірі табиғи өрт 6 маусымда басталды.
«Өрт салдарынан 60 мың гектардан астам орман қоры жойылды. «Семей Орманы» қорығының Новошульбі филиалының 14 жұмысшысы қаза тапты. Тергеу барысында өрттің шығу себебі қылқан жапырақты ағаштың діңіне найзағайдың түсуі кезіндегі құраған ағаштардың тұтануы екені анықталды. Бұл нұсқа сарапшылардың, мамандардың қорытындыларыме сурет/бейнематериалдармен, куәлардың айғақтарымен және басқа да іс материалдарымен расталады» деп хабарлады мекеме.
Сонымен бірге, Бас прокуратура өрт кезінде «Семей-Орман» қорығы мен Новошульбі бөлімшесінің басшылығы өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша заңмен берілген өкілеттіктерді орындамағанын, жағдайды дұрыс бағаламағанын және 14 адамның өліміне әкеп соқтырған өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз етпегенін алға тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық