Бас прокуратура қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың аты-жөнін айтудан бас тартты
Фото: Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Бас прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың аты-жөні жазылған тізімді тергеу құпиясы деп жариялаудан бас тартты, дейді құқық қорғаушы. «Ар.Рух.Хақ» қорының президенті Бақытжан Төреғожина 8 ақпанда Facebook желісіндегі парақшасында Бас прокуратураның сауалына берген жауабын жариялады.
«15 қаңтарда Бас прокуратура қаңтар оқиғасы салдарынан 225 азаматтың қаза тапқанын хабарлады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қайтыс болғандар туралы өзге мәліметтер қазіргі уақытта жария етілмейді» делінген Қылмыстық қудалау қызметі басшысының міндетін атқарушы Жанғарашев қол қойған жауапта.
Ресми деректерге сәйкес, қаңтар оқиғасы кезінде 227 адам қайтыс болды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде 19 қауіпсіздік қызметкері. Билік құрбандардың тізімін жариялаған жоқ. Өлгендердің кейбірін билік «қарулы содырлар» деп атайды. Бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандардың нақты саны аталмаған.
Ар.Рух.Хақ пен ақпарат жинаған азаматтық белсенділер 5-7 қаңтарда еліміздің әртүрлі қалаларында қаза тапқан 173 адамның кім екені туралы бұрын хабарлаған болатын. Төреғожина Азаттыққа берген түсініктемесінде бейбіт уақыттағы 227 адам өлімі қазірдің өзінде үлкен шығын екенін айтты.
Белсенділер мен құқық қорғаушылар биліктен қаза болғандардың тізімін жариялауды талап еткен. Прокуратураның құқық қорғаушыға берген жауабы бұл өтініштерге биліктің бірден-бір ресми реакциясы болса керек.
16 қаңтарда өткен брифингте Алматы қалалық ІІД бастығы Қанат Таймерденов «Алматыда азаматтардың арасында 149 адам қайтыс болды. Тәртіп сақшылары арасында 11 адам қаза тапты.
Құқық қорғау ұйымдары құрбандар санының артуы мүмкін дейді. Олар қауіпсіздік күштері өлтіргендердің арасында бейбіт шерушілер мен наразылықтарға еш қатысы жоқ адамдар болғанын көрсететін дәлелдер келтіреді.
Азаматтық белсенділер шерушілер арасында құрбан болғандар көп екенін, олардың көпшілігі 5 қаңтардағы қақтығыстар мен 6 қаңтарда Алматының орталық алаңындағы шерушілерді атқылау кезінде қаза тапқанын мәлімдеді.
Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары әскерилер мен полицияның шамадан тыс пайдалану фактілері құжатталған, соның салдарынан адам өлімі болғанын айтады. Осындай қысым жағдайында билік өткен аптада бірінші рет күш қолданудың пропорционалды емес «мүмкін жағдайларын» және жол берілмейтін тергеу тәжірибесін мойындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық