Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты тың дерек жариялады
Бас прокуратура Талдықорғандағы қаңтар көтерілісіне қатысқандарға 20-дан 100 долларға дейін төленгенін мәлімдеді.
- Алматы облысында тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған, сондай-ақ азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік объектілерді басып алуға ықпал еткен О. және Н. азаматтар анықталды. Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20-дан 100 долларға дейін төленген. Бұл фактілер тергеу барысында анықталды және тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген адамдардан жауап алумен расталады, - деп хабарлады Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.
Қилымжанов 4 қаңтар күні Алматыда Telegram арнасын құрған Жамбыл облысының тұрғыны анықталғанын айтты. Telegram арнаға бірнеше сағат ішінде бірнеше мың жазылушы жиналған.
- Осы Telegram-арна арқылы қатысушылар баррикадалар жасау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсету және ғимараттарды басып алу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық алған. Кейін 5 және 6 қаңтарда аталған арна арқылы Жамбыл облысының мемлекеттік объектілеріне шабуыл жасау туралы ақпарат таралды. Дәлелдер бар. Күдікті анықталып, қамауға алынды, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық