Бас прокуратура 1 мамырда өтетін заңсыз митингілерге қатыспауға шақырады
Сурет ktk.kz
Еліміздің Бас прокуратурасы 1 мамырда билікпен келісілмеген митингілерге қатыспауға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде бірден бірқатар қалаларда митинг өткізуге рұқсат берілгені туралы жалған ақпарат таралуда.
Бас прокуратура Украинадағы жағдаймен тұспа-тұс келді делінген және әлеуметтік желілерде рұқсат етілгендей жазылған шерулердің билікпен келісілмегенін түсіндірді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында мұндай кездесулер өткізілмейді және оларға рұқсат етілмейді.
«Бұл күні елді мекендердің орталық алаңдарында әкімдіктер Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған мәдени-көпшілік шараларды ғана өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңымен реттелетінін ескертеміз. Жиналыстар, митингілер мен пикеттер ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлау тәртібі қарастырылған» деп атап өтті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жоғарыда аталған қалаларда бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу туралы хабарламалар жергілікті атқарушы органдарға түспегені немесе олардан бас тартылғаны атап өтілді. Бас прокуратура заңнаманы бұза отырып өткізілген митингілерді ұйымдастыру және оларға қатысу (3-баптың 3-тармағы) ӘҚБтК 488 бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамауға алу әкімшілік жауапкершілігінеәкеп соғатынын еске салады.
«Егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды. Қылмыстық кодекстің 400-бабында айыппұл немесе 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған» деп түсіндірді ведомствода.
Бұл ретте, Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерге қатысудан аулақ болуға шақырады. Басқарма белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқықбұзушылықты тоқтатып, оның алдын алу үшін заңды шаралар қабылдайтынын ескертті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық