Бас мүфти Наурызбай қажы Құранды қате оқиды – Асқар Сабдин
фото: Асқар Сәбден/ видеодан кадр
Исламтанушы, теолог Асқар Сабдин Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран аяттарын қате оқиды деп мәлімдеді.
Бұл туралы исламтанушы журналист Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Асқар Сәбдиннің Қазақстан діни басқармасы радикалдардан қорғау миссиясын орындай алмады деп есептейді.
– Орындаса, біздің елімізде діни айыптаумен мыңдаған адам сотталмас еді. Егер орындаса, біздің жерімізде 20 мыңнан астам диструктивті діни ағымдар өкілдері болмаушы еді. Орындаса, біздің мыңдаған бауырларымыз шетел асып, Сирияға, Ауғанстанға бармайтын еді. Мәселе, діни шекараларды бекем ұстауда. Дін - экстериториялды. Кімнің діни басымдығы жоғары - сол жерге кіріп, үкім жүргізеді, – деді Сабдин.
Сонымен қатар, исламтанушы не үшін бас мүфти Наурызбай қажыны сынап жүргенін айтты.
– Бұл тренд. Бір ғана ол емес, тек қана мен емес сынап жүрген. Роликтер бар. Кез-келген филологты алсаңыз – ол сізге талдап береді, араб тілінде дұрыс емес екенін. Құран аяттарын дұрыс оқымайды. Кез-келген қариға бараңыз, айтып береді. Қариға барудың керегі жоқ, медресе ұстазы немесе Құран ұстазына барсаңыз «қате, қате, қате» деп айтып береді.
Мүфти деген кім? Дінде мүфти деген – Алланың атынан «мынау харам, мынау халал, мынау макрух, муа» деп үкім шығарып, қол қоятын адам. Өте үлкен ғалым. Діни тұрғыдан пәтуа шығаратын субъекті. Құранда мүфти деп Алла Тағала өзін де айтады. Біздің ғылым мүфтиді өте жоғары дәрежеге қойған. Ондай деңгейдегі мүфтиді таба алмаймыз-ау, біздің елде, – деді Сабдин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық