Бас мүфти Құрбан шалу рәсіміне қатысты
Бүгін, қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы құрбан шалу рәсіміне қатысты.
Қала сыртындағы «Алтай» шаруашылық қожалығына арнайы барған Бас мүфти сол жердегі жұмыс тобының қызметкерлерімен жүздесіп, құрбан шалу рәсімінің жай-күйімен жете танысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен биылғы жылы да онлайн құрбан шалуға және өтініш беруге арналған Qurban2021.kz сайты іске қосылды.
Аталмыш жоба аясында ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қала бойынша құрбан шалуға арналған төрт нысан бекітілген еді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тілшілер қауымына берген сұхбатында осы жоба бойынша толыққанды ақпарат беріп, Qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс бергендердің құрбандықтары қалай сойылғандығы жөнінде видео есеп беріліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, жергілікті еріктіліердің көмегімен құрбандық еттері бірден мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізілетінін де атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық