«Бас дәрігерлер–жемқор»: Біртанов медицина саласындағы сұмдықтың бетін ашты
Фото: Видеодан алынған кадр
Қазақстан инновациялық университетінің медициналық директоры Елжан Біртанов денсаулық саласындағы олқылықтарды айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Сұрауы бар» YouTube арнасында Елжан Біртанов медицинадағы жемқорлықтың өршіп тұрғанын айтты.
«Өкінішке қарай біздің денсаулық сақтау саласында жемқорлық өте көп болып тұр. Оның көбі бас дәрігерлерге, басшыларға байланысты. Оны жоюға тырысуымыз керек. Оны қалай жасауға болады? Бір жағынан, арнайы органдар бар, олар тексереді, қорқытады», - дейді ол.
Біртанов өзіне бас дәрігерлердің арыз-шағыммен келетінін жеткізді.
«Маған көп бас дәрігерлер келеді. «Аурухананы органдар есепке қойып қойған» дейді. Оларға тендерді кімнен алу керегін айтады екен. Мысалы «тамақты мынадан аласың, алмасаң сотқа кетесің» дейді екен. Бұндай қысым көп жерде бар. Өз алдына жұмыс істеуге жол бермейді. Ондай іске араласқаннан кейін, бас дәрігердің өзі де жемқор болып кетеді. Дәл солай арнайы адамға тендер беріп қояды», - деді Біртанов.
Сұхбат барысында бұндай заңсыз істерді қалай жоюға болатыны да айтылды.
«Біз бір ұсыныс тастадық. Күнделікті басқару жүйесін ашық қылуымыз керек. Бұл үрдіс шетелде де бар. Басшы тек өзі ғана шешім қабылдамай, ұжыммен ақылдасып, ұжымға немесе меңгерушіге, орынбасарға көрсетуі керек. Өйткені бір адам болса, тығып ақша жымқыра алады. Ал басқалары бас тартуы мүмкін. Бұл істің дұрыс еместігін айтады. Не бір ұжым кетеді», - дейді Елжан Біртанов.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт