«Басқа қалаға қашып кеткен»: Өскеменде сегізінші сынып оқитын қыз тұрмысқа шықты
Фото: yk-news.kz
Өскеменде сегізінші сынып оқитын қыз күйеуімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Бұл соңғы жылдары балалардың қашып кетуі бойынша алғашқы жағдай емес.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
ШҚО полиция қызметкерлері мектеп оқушысының жоғалып кетуі туралы айтып берді. Белгілі болғандай, оқушы қыз басқа қалада тұратын ғашығына қашып кеткен. Оқиға Өскеменде болған. 1 қыркүйекте 48 жастағы әйел қалалық полиция бөліміне жоғалған қызы туралы арыз жазады.
Сегізінші сынып оқушысы 2021 жылдың маусым айының соңында үйден кеткені белгілі болды. Содан анасы қызын Алматыдан тауып, үйіне қайтады. Кетер алдында олар жанармай бекетіне тоқтайды, сол жерден қыз қайтадан қашып кеткен. 19 қыркүйек күні полиция қызметкерлері Алматыдан жасөспірім қызды тауып алады. Ол тәртіп сақшыларына Алматыда тұрғысы келетіндіктен үйден өз еркімен кеткенін айтқан.
Бұл алғашқы да, соңғы да жағдай емес. Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде 49 жастағы әйел Семей қаласының полиция бөліміне жүгініп, 14 жастағы қызын табуға көмек сұраған.
Оқушының қайда екені тек 15 қыркүйекте анықталды. Бақытымызға орай, қыз тірі болған. Қыздың сүйіктісі үшін Павлодарға барғаны анықталды.
Қыз ВКонтакте әлеуметтік желісінде басқа қаланың жігітімен танысып, онымен кездесу үшін үйден қашып кетуді шешкен. Мектеп оқушысы тәртіп сақшыларына ата-анасымен бірге тұрғысы келмегендіктен, үйден өз еркімен кеткенін айтты.
Полиция мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларымен жиі сөйлесуге кеңес береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық