Барлық жылу электр стансаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның барлық аумағында жылу электр стансаларына жоспардан тыс тексеру жүргізуді тапсырды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп орындарын аралап, бірқатар тапсырмалар берді:
– 20 наурызда мұржаның жоғарғы бөлігінің ішінара опырылуы болған Петропавл 2-ЖЭО әкімшілігі жөндеу жұмыстарын мұқият тексеріп, белгіленген мерзімде аяқтасын;
- Энергетика министрлігіне - республиканың жылу электр стансалары мен су электр стансаларында жылу беру маусымына дайындығына жоспардан тыс тексерулер жүргізуді қамтамасыз етсін;
– Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп – «Солтүстік» ӘКК жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражат бөлсін.
Сондай-ақ Премьер-Министр М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында жаңа оқу-зертхана ғимараты мен 600 орындық екі студенттік жатақхананың құрылысын аяқтауды тапсырды. Онда Аризона университетінің филиалын ашу жоспарланған.
Салынып жатқан «РимҚазАгро» ЖШС қағаз зауытында болған Әлихан Смайылов «қағаз өнімдерін өндіру жобасын жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік нәтиже беретінін» атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық