«Бәріне әпкем кінәлі»: Өгей әкесі құлдықта ұстаған балалардың анасы өз шындығын айтты
Фото: Sputnik / Айдана Дайырова
Жамбыл облысындағы Талас ауданында қорлық көрді деген балалардың анасы Назерке Нұрмұхамбетова өз шындығын айтты, деп хабарлайды Orda.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
6 тамызда Талас ауданы Көктал ауылының тұрғыны полицияға арызданып, қой бағып жүрген үш баланың жоғалғанын айтқан. Келесі күні балалар туған әкесі мен анасының әпкесінің жанынан табылды. Артынша балалар Таразға жеткізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған облыстық әлеуметтік көмек орталығына уақытша орналастырылды.
Желіде «өгей әкеміз 5 жыл бойы құлдықта ұстады» деген балалардың бейнесі де тарады. Бірақ балалардың анасы Назерке Нұрмұхамбетова барлық ақпаратты жоққа шығарып, болған оқиғаға әпкесін кінәлады.
«Қой бағып жүрген балаларымды туған әпкем ұрлап әкеткен. Әкетерден бұрын көпір астында біздің ауылдың Аймадияр деген қойшысына бейне түсіртіп, оны өзіне жіберткен. Аймадияр сол күйі қашып кетті, ауылда жоқ. Екі күн балаларымды таппай, полицияға беріп, әбден әуреге түстік. Сөйтсек Алматының полициясы балаларымды Талғар ауданынан тауып алған. Әпкем сол жаққа ұрлап әкеткен, өзі сол жақта тұрады. Балалар жоғалды деп хабарласқанымда ләм деп айтпады, «жоғалттың, енді тап» деумен болды» - дейді балалардың анасы Назерке.
Әпке мен сіңлі арасындағы араздық 5 ай бұрын басталған. 3 баласымен бірінші күйеуімен ажырасқан Назерке ең кіші баласын әпкесінің қолына береді. Әйелдің асырап алуына да рұқсат берген. Бірақ жездесі ыңғай келтірмеген. 5 ай бұрын Назерке Нұрмұхамбетоваға әпкесінің үйінде жүрген кіші баласының мұғалімдері хабарласып, 10 жастағы баласының не әріп танымайтынын, не санау білмейтінін айтып шағымданады. Баланы өзіне қайтарып беруді өтінеді. Назерке Нұрмұхамбетова күйеуімен ақылдасып, баланы өздеріне алады. Кіші бала келгеннен үлкен ұлдары анасы мен өгей әкесін тыңдамайтынды шығарған. Әйелдің айтуынша, әпкесі оларға телефон арқылы ата-анасын жамандап, түрлі ақпарат берген екен.
«Ел күйеуін жақтады деп мені жамандайды, білемін. Үлкен екі ұлым 16 жаста. Бизнес колледжге күйеуім бар күшін салып жүріп грантқа түсірді. 100 шақты ұсақ мал бар. Жолдасым үнемі «18 жасқа толған соң қалаған тірліктеріңді жасаңдар. Ана малды қақ бөліп еншілеріңді беремін. Бір күнде тойларыңды жақсылап жасап беріп, екі үйге бөліп шығарамын» деп айтатын. Жолдасымның 6 жылдағы берген тәрбиесі, қамқорлығы, жасаған жақсылығын әп-сәтте жоққа шығарған әпкеме назалымын», — дейді көпбалалы ана.
Айта кетейік, Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық