Бәрібаев көшесіндегі 36-үй: Тастанды сарайды өз қолымен қайта жасағандарды үкімет қуып жібермекші. Неліктен?
Фото: Orda.kz
Мәдени ортаға айналған – Бәрібаевтағы 36-үй. Жалпы, 2020 жылы құрылған тәуелсіз шығармашылық ортаның жағдайы бүгінде ақсап тұр. Олардың айтуынша, «киелі мекен» саналатын Бәрібаев көшесіндегі 36-үйден үкімет қуып жібермекші. Неліктен? Олар ұйымдастырған баспасөз-мәслихатына қатысқан Orda.kz тілшісі әңгіменің төркіні қайда жатқанын баяндайды.
Конференцияны шығармашылық индустриялар альянсының төрағасы Ғали Ахметов бастады. Оның сөзінше, болып жатқан жағдай жүйелік мәселе болып тұр. Өйткені ғимаратты жалға беруші мемлекеттің бақылайтын сектор өкілі.
«Өздеріңіз білетіндей шығармашылық әлеуметтік жобалар коммерцияға бағытталмаған, сәйкесінше нарықтық экономикада өмір сүру оңай емес»

«We Group» ЖШС-ның басшысы Дәурен Төлеев 5 жыл бұрын осы ғимаратты жалға алған. 1950 жылдары салынған бұл объекті алғаш дене шынықтыру техникумы болып, кейін Қазақтан тәуелсіздік алған соң елшілік, сосын Өзбекстан консулдығы болған. Төлеевтің сөзінше, келісім-шартқа отырар кезде бір жылда 10%-дан аспай, жылына 1,8 миллион теңге төлеп, 10 жылға жалға алған.
«Шартқа қол қойылғанға дейін, «ИВИ» АҚ-ның заңгерлері 1 апта бұрын келісім-шарт 2024 жылдың 13 ақпанында аяқталатынын және 1 ақпанға дейін келісім-шарт жасау керектігін айтты. Біз осы ғимаратқа шамамен 100 млн теңгедей құрттық. Алайда жаңа басшылық келген соң, ешқандай да аударым болмайтынын естідік. Ал не себепті екенін ешкім нақты айтпады», – деді Дәурен Төлеев.

We Group сотта тендердің шешіміне нарызылық білдірген. Өйткені Төлеевтің айтуынша, олар сотта жалға алуға басым құқыққа ие болған. Алматы қалалық соты «ИВИ» АҚ болса, ғимарат мемлекеттік меншікке жатады. Осылайша 36-үй 6 ай бойы қаңырап қалады. Себебі жалға алушылардың жалға берушілерге қарызы жинала береді. Ал «ИВИ» болса, қарыз өз алдында, оларға айыппұл төлеуді талап етеді. Салдарынан қаңтар айында ол қаржы 30 млн теңгеге жеткен.
Болып жатқан жағдайға қарамастан ол ғимаратта «Трансформа» театры және бірнеше суретшілер өз жұмыстарын жалғастырып отыр. Сондай-ақ, олар 5 ақпан күні бұл жерді босатулары керек.
«Біз сот шешімін орындауға міндеттіміз, бірақ заң бойынша рұқсат етілген мерзімге дейін осы жерде боламыз. Қазір аппеляциялық сотқа бізді жылыту маусымы біткенге дейін, яғни 15 сәуірге дейін ғимаратта қалдыру туралы өтінішім бердік», - деді Төлеев.




Дегенмен Дәуреннің сөзінше, ғимараттағы жылыту 1 апта бұрын сөндірілген.
«24 қаңтар күні біздегі жарық пен жылуды өшірді, шамалы уақыттан кейін құбырлар жарылды. Бізде жөндеу жұмыстары жүрмесе де, «ИВИ» коммуналдық қызметтерге 23 ақпанға дейін жөндеу жұмыстары бойынша хат жолдаған», – деді Төлеев.
Басшының айтуынша, бұл жерде ешқандай құқық бұзушылық жоқ. Коммуналдық қызмет олардың өтініш орындауға міндетті.
Бірақ Дәуреннің айтуынша, жарық пен жылуды өшіру Бәрібаевтағы 36-үйдегі барлық заңды өкілдерді тезірек шығарып тастау үшін істелген әрекет. Бірақ бұл әрекет олардың көңіліне қаяу да түсірмеді. Керісінше, олардың қасарысуға деген ұмтылысын оятты.

Сондай-ақ, We Group басшысы 4-нен 5-не қараған түні және 5-6 ақпанда аулада кеш өткізуді ұсынды. «Бәрібаев көшесіндегі 36-үйді» жалға алғандар арт-кеңістікке қарасты жаңа орын қарастырып жатыр. Келесіде олар «тұзаққа түспейтіндей» келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, баспасөз конференциясында Қазақстанның креативті индустриялар альянсының өкілдері нарыққа бос тұрған квазимемлекеттік жылжымайтын мүлікті шығаруға шақырды. Олар, біріншіден, бұл коммерциялық мақсатта, соның ішінде шығармашылық кеңістіктер үшін қол жетімділікті арттыратынына сенімді. Екіншіден, жалға алу құнын төмендетеді, ол қазір үй-жайлардың тапшылығына байланысты өсіп келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық